Фейсбук туралы не білеміз?

364
0
Бөлісу:

Бүгінде әр адам Фейсбук-та отырады. Оның арасында тілшісі де, саясаттанушысы да, қоғам қайраткері де, мұғалімі де бар. Олардың бұл парақшаға байланғаны соншалық, таңы осымен атып, осымен батады. Тіпті парақшаға бір сәтке кіре алмай қалса, жаңалыққа ілеспей, әлемнен шет қалады.  МұндайдыАҚШ-тың психологтары «Фейсбук-қа тәуелділік» деген жаңа диагноз шығарды.Жалпы, біз фейсбук туралы не білеміз?

Фейсбук 2004 жылдың ақпан айында іске қосылды. Оны бүгінде әлемдегі ең жас миллиардер Цукерберг пен достары жасап шыққан. АҚШ-тағы Гарвард университетіндеоқитын бұл жігіт алғашында сайтты тек сол оқу орнының студенттері ғана тіркеле алатындай жасаған. Кейін Стэнфорд университеті мен Бостандағы колледж студенттері де қосылатын мүмкіндік жасады. Сөйтіп біртіндеп-біртіндеп, жасы 13-тен асқан әлемдегі барлық адам пайдалана алатын ашық желіге айналдырды.

2003 жылдың қазан айында Гарвард студенті Марк Цукерберг Facemash деп аталатын, бүгінгі фейсбуктің алғашқы нұсқасын жасады. 2010 жылы түсірілген «Әлеуметтік желі» деп аталатын кинода осы фейсбуктің тарихы жанама түрде көрсетілді. Кинокартина толықтай шындыққа жанаспаса да, фильмнің басында Марк «Қайсысы жақсы» деп, екі қыздың суретін қатар қойып, таңдайтын сайт жасап шығатын жері көрсетіледі. Сол Facemash болатын. Ол суреттерді алу үшін Марк Гарвард студенттерінің  суреттері мен мәліметтері сақтаулы тұрған жүйені бұзып кіреді. Сайт жұмыс жасаған ең алғаш төрт сағаттың ішінде Фейсмэшқа 450 адам кіріп, 22 000рет қаралады.

Сол үшін кейін Гарвард университеті оған бірнеше айып таққанымен, кейін ол айыптаулар алынып тасталады. Осы инциденттен кейін Марктың шабытына қанат бітіп, келесі семестрден бастап өзінің жаңа вебсайтына код жаза бастайды. Сөйтіп 2004 жылдың ақпан айында Thefacebook әлеуметтік желісін ашады. Алайда ол мұның алдында ғана ағайынды Уинклбостар және Дивиа Нерандрамен бірігіп, тек қана Гарвард студенттеріне арналған Harvard-jnnection.com деп аталатын әлеуметтік желі жасамақ болып жүрген-тін. Бірақ олармен болған келісімнен тыс бұл өзі Thefacebook жарыққа шығарады. Сол кезде Уинклбостар оның үстінен «Идеямызды ұрлады» деген шағып түсіріп, тергеу ісі басталады. Дегенмен мұның соңы Марктың жеңісімен аяқталады.

Кейін, 2005 жылы әлеуметтік желінің атының алдындағы The сөзі алынып тасталады да facebook.com болып қалады. Бірақ ол домен, яғни facebook.com сайт адресі 200 000 долларға сатылып алынды.

Фейсбук жайында 7 мәлімет

  1. Бүгінде фейсбук-қа 350 миллионнан астам адам тіркелген. Бұл сайтты жеке бір мемлекет ретінде қарастырса Қытай мен Индиядан кейін үшінші орынды иеленер еді.
  2. Фейсбук-қакүніне қолданушылардың 50 пайызы кіріп, 35 миллионға жуығыпарақшасында жазба қалдырады.
  3. Әрбір қолданушы сайтта 55 минутын өткізіп, қандайда бір жазбаға жоқ дегенде айына 25 коментарий қалдырады.
  4. Бүкіл әлем бойынша қолданушылар күніне 6 миллиардан астам уақытынфейсбук-та өткізеді. Бұл дегеніміз – Google сайтынан екі есеге көп.
  5. Фейсбук-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг – ең жас миллиардер.
  6. 2011 жылдың ақпан айында Египетте Facebook есімді қыз дүниеге келді. Бұл шешіммен  қыздың әкесі сайтқа деген ризашылығын білдірді. Себебі, осы фейсбук-тың ықпалының арқасында ел президенті Хосни Мубарак отставкаға кеткен екен.
  7. Германиялық бойжеткен фейсбуктың 15 000 мың қолданушысын кездейсоқ туған күніне шақырған. Айтуынша, Тесса 16 жасқа толуын атамақшы болып, фейсбук арқылы өзінің достарына шақыру жіберген. Алайда ол сайттағы «жекеменшік» мейрам дегенді белгілеуді ұмытып, шақыру бүкіл фейсбук қолданушыларына таралып кеткен.

Мұны білген қыздың ата-анасы сол күні үйді күзетке алып, полиция мен жекеменшік қауіпсіздік қызметін шақыртқан.

Дегенмен кештің болмайтыны жайлы ел алдында жарияласа да Тессаның үйіне 1500-нан аса адам келді. Олардың көпшілігі ішімдік пен бәліштерін өзімен бірге көтеріп келген. Тіпті кейбірі«Тесса қайда?» деп плакаттарға жазып алған. Бойжеткеннің өзі туған күніне осыншама адам жиналады деп ойламаған.

Тессаның үйін 100 шақты полицей қоршауға алып, 11 адамды қамауға алған. Оның арасында полицияның бір адамы жарақатанған. Сонымен қатар қонақтардың он шақтысы пиаланың сынығына аяқтарын кесіп алған-ды.

Анар ҚОНЫС

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*