Ұлыбритания елшісін қабылдады

950
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бі­ріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браунды қабыл­дады.
Әңгіме аясында тараптар «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық серіктестікті нығайтудағы Қазақстанның тұ­жы­рымдамалық көзқарасы» саяси үндеуін алға тарта отырып, Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіндегі жұмысының басым­дық­тарына тоқталды. Кездесу кезінде айрық­ша көңіл аударылған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген билік тармақ­тары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мә­селесі. Елші ханым жаңа бастаманы Қазақ­станның тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам деп бағалай келіп, елімізде жүргізілген конс­титуциялық реформаға байланысты жылы лебізін жеткізді.
Мәжіліс төрағасы екі ел арасындағы қа­рым-қатынасқа жіті көңіл бөле келіп, өткен жылы сыртқы сауда айналымының 1,2 млрд дол­ларды құрағандығын атап өтті. Н.Нығма­тулин Қазақстанда 860 британдық бизнес компаниялары тіркелгендігін алға тарта келе: «Біз жаңа экономикалық саясат және индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанда инновациялық жоба­ларды жүзеге асыру үшін британдық капи­талдың қатысуына мүдделіміз», – деді.
Жүздесу барысында Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі де назардан тыс қалмады. Осы ретте Мәжіліс тө­рағасы британдық павильон қазақстандық­тар мен шетелдік қонақтардың ерекше ықыласына ие болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар тараптар заң шығару жұмы­сында парла­ментаралық байланыстарды тереңдетудің ма­ңыздылығына көңіл бөліп, тәжірибе алмасу­дың түрлі жолдарын атап өтті.

Ершай ӘЗІРЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*