Қаулыға қол қойды

670
0
Бөлісу:

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы Қаулыға қол қойды.

Қаулы мәтіні төмендегідей:
1. Барлық деңгейдегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергі­лікті өзін-өзі басқару органдары Парламенттің, Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Пар­ламентіне «Қазақстан Республи­касының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес Парламенттің және оның палаталарының қызметін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкі­меті орталық және жергілікті атқа­рушы органдардың өкілеттіктердің қосымша көлемімен жұмысқа функционалдық дайындығына талдау мен бағалауды жедел жүргізсін және атқарушы орган­дардың жаңа ұйымдық-құқықтық жағ­дайларда тиімді жұмыс істеуін қам­тамасыз ететін шараларды қабылдасын.
Бұл жұмыстың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндасын.
4. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауына мыналар енгізіледі деп айқындалсын:
1) «Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті туралы», «Қазақстан Респуб­лика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы тура­лы», «Қазақстан Республикасының Пар­ламенті және оның депутаттарының мәр­тебесі туралы», «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық ке­ңесі туралы», «Қазақстан Республи­ка­сы­ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Респуб­­ли­касындағы сайлау туралы», «Рес­пуб­ликалық ре­фе­рендум туралы» конститу­ция­лық заңдарды заңға сәйкес келтіруді көздейтін Конс­титуциялық заңның жобасы;
2) «Прокуратура туралы» Қа­зақстан Республикасы жаңа заңының жобасы.
5. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
1) осы Жарлықтың 4-тармағында көзделген заңнамалық актілер жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қам­тамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Прези­дентінің қолданыстағы актілерін заңға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде:
1) өзге де заңнамалық актілерді заңға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын;
2) Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мәс­лихаттардың актілеріне ревизия жүргізуді және оларды заңға сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі, Жоғарғы соты, Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Прези­дентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өздері қа­былдаған нормативтік құқықтық акті­лерді қайта қарау және заңға сәйкес кел­тіру жөніндегі шараларды қабыл­дасын.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдік және халықаралық әріптестеріне конституциялық реформаға сәйкес елдің мемлекеттік құрылымында болған өзгерістердің мәні мен мазмұны туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігі және Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
10. Осы Жарлықтың орындалуын ба­қылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*