Кездейсоқтық па, әлде…

506
0
Бөлісу:

Линкольн — Кеннеди

  1. Линкольн 1860 жылы, ал Кеннеди 1960 жылы АҚш президенті болды Айырмашылық -100 жыл.
  2. Екеуіде жұма күні  өлтірілді. Екеуінің де  жанында  әйелдері  болды. Екеуінде  бастан атқан.
  3. Линкольннан соң Эндрю Джонсон (1808 жылы туылған) президент болды. Ал  Кеннедиден кейін  президент  болған Линдон Джонсон (1908 жылы  дүниеге келген). Айырмашылық – 100 жыл.
  4. Екеуі де оңтүстік америкалық. Мамандықтары – дипломаттар. Президенттікке дейін  сенатор  болды.
  5. Линкольнды өлтіруші 1829 жылы туған, ал Кеннедидің түбінежеткен жендет 1929 жылы өмірге келген. Айырмашылық  – 100 жыл. Президенттерді  өлтіргенекі  жендентте   сотқа дейін  кенеттен   шейіт болған.
  6. Линкольн «Кеннеди» театрында өлтірілсе, Кеннеди «Линкольн» көлігінде келе  жатқанда  ажал  құшты.
  7. Линкольнның хатшысы оны  өлтіретін күні театрға бармауын  өтінген,  ал Кеннедидің хатшысы Далласқа сапарын кейінге қалдырған  жөн деген кеңес  беріпті.

Наполенон  мен Гитлерде ұқсастық бар

  1. Наполеон 1760 жылы дүниеге келген. Гитлер 1889 жылы жарық дүние есігін ашқан екен. Айырмашылық – 129 жыл.
  2. Наполеон билікке 1804 жылы, ал Гитлер 1933 жылы келді Айырмашылық -129 жыл.
  3. Наполеон Венаға 1809 жылы  басып кірді. Ал Гитлер дәл осы  шаһарға 1938 жылы кірді. Айырмашылық –  129  жыл.
  4. Наполеон Ресейге 1812 жылы шабуыл жасады.  Ал Гитлер – 1941 жылы. Айырмашылық – 129  жыл.

Өзге де  ұқсастықтар:

Атақты  француз суретшісі  РенеШарбонна Руана  мэрииінің тапсырысымен «Отқа  оранған Жанна д Арк» картинасын  салып шыққан. Суретші картинаны  Жанна Ленуа  деген жас  студент қызға қарап отырып  салған екен. Картина  жазылып  біткен  соң  ол көрме  залына қойылады. Алайда дәл сол кезде  өрт шығып, Жанна Ленуа тірідей  өртеніп кетіпті.

1896 жылы фантаст жазушы Морган Робертсон Лондон  қаласында  «Титанның күйреуі» деген  кітапбын  шығарыпты. Онда  аса  үлкен жолаушылар кемесінің 1912  жылы  сәуірде  айсбергке соғылып, су  түбіне кеткені  һәм ондағы  жолаушылардың  басым  көпшілігі қаза  тапқаны жазылған.  Дәл  сол  кітаптағы  оқиға 1912  жылы  шын өмірде  қайталанғаны  белгілі. Оның  аты «Титан» емес «Титаник». Әлемдегі ең ірі  жолаушылар кемесі еді. Ол да сол  фантастың  шығармасындағы  кемедей айсбергке соғылған.

Иә, өмірде  мұнай  адам сенгісіз ұқсастықтар  көп екен. Бұл кездейсоқтық па, әлде… Түсініксіз.

Айнұр ҚАЗЫКЕНОВА.

Бөлісу:

Пікір жазу


*