Бородюктің бірінші тізімі

233
0
Бөлісу:

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Александр Бородюк алдағы 2 ойынға шақырылған футболшылар тізімін жариялады. Футболшылардың барлығы дерлік 2016 жылы Байсуфинов тұсында да құрамада болды. Бұрынғы тізімнен Елдос Ахметов пен Жасұлан Молдақараевтың жоқ екені байқалады. Ал «Қайратқа» ауысқан Георгий Жуков алдағы күндері құрамада ресми ойын өткізуі мүмкін. Маусымды нәтижелі бастап, хет-трикпен көзге түскен Алексей Щеткин де назардан тыс қалмапты. Өткен жылы да құрамаға шақырылып, бірақ алаңға шықпаған Г.Сартаков пен М.Төлебек те бас команда сапында.

Қазақстан құрамасы 22 наурыз күні Ларнака қаласында Кипр құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 26 наурызда 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Ереванда Армениямен ойнайды.

Ал құраманың жаңа басқару құрамы мынадай: Александр Бородюк — бас жаттықтырушы, Виктор Лосев — аға жаттықтырушы, Николай Игумнов — физикалық дайындық жөніндегі бапкер, Юрий Новиков — қақпашылар жаттықтырушысы Евгений Шевелев — талдаушы-бапкер, Алексей Левин — доктор, Ахматхон Искандаров — доктор, Сергей Бибиков — массажшы, Александр Шапкин — массажшы, Александр Житков — менеджер, Максим Шауберт — әкімші, Николай Стриганов — видеооператор, Ербол Қайыров — медиа-офицер.

Құрамаға мына футболшылар шақырылды:

Қақпашылар    
Аты-жөніКомандаДебютМатчГол
Давид Лория«Ертіс»26.05.200040-66
Стас Покатилов«Қайрат»31.03.201512-16
Алмат Бекбаев«Ордабасы»01.06.20121-2
Қорғаушылар    
Юрий Логвиненко«Астана»23.05.2008404
Дмитрий Шомко«Астана»09.02.2011282
Александр Кислицын«Ертіс»11.10.200824
Сергей Малый«Тобыл»05.03.201419
Виктор Дмитренко«Тобыл»11.09.2012141
Ғафуржан Сүйімбаев«Қайрат»07.06.2014131
Дмитрий Мирошниченко«Тобыл»12.08.20145
Григорий Сартаков«Тобыл»
Жартылай қорғаушылар    
Азат Нұрғалиев«Ордабасы»01.04.2009323
Мақсат Байжанов«Қайсар»29.01.2005261
Бауыржан Исламхан«Қайрат»29.02.2012242
Серікжан Мұжықов«Астана»10.08.201112
Асқат Тағыберген«Тобыл»07.06.201411
Исламбек Қуат«Қайрат»11.10.201692
Георгий Жуков«Қайрат»31.03.20152
Еркебұлан Тұңғышбаев«Ордабасы»11.11.20161
Мардан Төлебек«Ордабасы»
Шабуылшылар    
Сергей Хижниченко«Шахтер» С, Беларусь10.06.2009408
Таңат Нөсербаев«Ордабасы»11.10.2008252
Алексей Щеткин«Тобыл»14.08.2013181
Роман Муртазаев«Астана»07.06.20164

statsport.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*