АҚШ ФРЖ базалық пайыздық ставканы көтерді

263
0
Бөлісу:

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі сәрсенбі, 15 наурызда, базалық пайыздық ставканы 0,5-0,75-тен 0,75-1 пайызға көтерді, Ашық нарықтар комитеті мұндай шешімді үш айда екі рет қабылдады.

ФРЖ АҚШ-та экономикалық белсенділік қалыпты нығайып келе жатқанын атап өтті, ал еңбек нарығы осы жылғы ақпанда болған реттеуіштің соңғы отырысынан кейін нығаюын жалғастырды. Соңғы тоқсандарда  екі пайызға ұзақмерзімді жоспар бағытында жылжи отырып, инфляция өсті. ФРЖ келесі отырысы 2-3 мамырға жоспарланған. 14 ақпанда ФРЖ басшысы Джанет Йеллен таяу отырыстардағы базалық пайыздық ставканы арттыруға жол берді. Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың экономикалық саясатына қатысты белгісіздік сақталып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ФРЖ арттыруды соза түсетін болса, кешігуі мүмкін, бұл рецессияға алып келеді. 1 ақпанда Ашық нарық комитеті базалық пайыздық жарнаны 0,5-0,75 пайыз жылдық деңгейде сақтау шешімін қабылдады.

inform.kz 

Бөлісу:

Пікір жазу


*