Қырықтан астам елден қазақтар келеді

217
0
Бөлісу:

Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысатын делегаттарға қатысты ұсыныс қабылдау рәсімі аяқталды. Бұл туралы Ботакөз Уатқан өзінің әлеуметтік парақшасында мәлім етті.
Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысқысы келетін, шетте жүрген атақ-мансабы бар қандастарымыздың аты-жөнін беруге ұсыныстар алу туралы хабарламаны үстіміздегі жылы қаңтар айының 10-ы күні осы фейсбук әлеуметтік желісінде жариялаған едік. Соның нәтижесінде түрлі елдерден және жеке азаматтардан көптеген ұсыныстар келіп түсті. Өзін- өзі ұсынған ағайындар да бар. Тізім негізінен бітті. Сондықтан бүгіннен бастап аталмыш ұсынысты қабылдау тоқтады.
40-тан астам елдегі қазақ диаспорасының 350 және де Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген халықаралық ұйымдардың (Түрк кеңесі, Қыпшақтар қоғамы, Әзербайжанның диаспора ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті, Әлем моңғолдары конгресі, Өзбекстанның ұлтаралық мәдениет орталығы) өкілдері шақырылады. Сондай-ақ, құрылтайға Алматы, Астана қалаларынан, облыстардан, Үкімет пен Парламенттен және түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері қатысады.
Комиссияның алғашқы отырысында бұрынғы өткен Құрылтайларға қатысқан (қоғам басшыларынан басқа) адамдар шақырылмайды деп шешілді, негізінен жастар көбірек қамтылмақ.
Ботакөз уатқан өзінің әлеуметтік парақшасында Құрылтай Астанада маусым айының 22-25-і күндері өтетінін хабардар етті.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*