МАГАТЭ ВВР-К реакторына рұқсат берді

151
0
Бөлісу:

Қазақстанның ядролық физика институты (ЯФИ) қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып, зерттеу ядролық реактордың жетілдірілуін өткізді.

2017 жылғы 27 ақпаннан 3 наурызға дейін өткен INSARR (зерттеу реакторларының қауіпсіздігіне біріктірілген  баға беру) миссиясының нәтижелері бойынша МАГАТЭ мамандары осындай қорытынды шығарды.

Миссия зерттеу реакторларын пайдаланатын үш елдің ядролық қауіпсіздік бойынша сарапшылары мен МАГАТЭ қызметкерлерінен тұрды. Сарапшылар қауіпсіздіктің реакторлық жүйелерін жетілдіру, зерттеу реакторларының қызмет көрсету персоналын дайындау мен біліктілігін жоғарылатуды қоса отырып, ВВР-К жеңіл сулы реактор қауіпсіздігінің кешенді бағдарламаларын  зерттеді.

МАГАТЭ командасының жетекшісі Дэвид Сирс атап өткендей, тексеріс 2008 жылғы бұрынғы INSARR миссиясының ұсыныстарын толық орындағанын анықтады. Миссия қауіпсіздікті талдау бойынша, тәжірибелердің қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлар кезінде дайындық бойынша қосымша ұсыныстар берді.

Росатом мамандарының қатысуымен орындалған жұмыстың қисынды аяқталуы болатын, МАГАТЭ шешімін қолдаймыз. Осының нәтижесінде реактор анағұрлым заманауи, қауіпсіз және тиімді зерттеу қондырғысына қайта өзгертілді, – деп атап өтті «Росатом Орталық Азия» аймақтық орталығының бас директоры Виталий Драгунов.

Серік САДЫР

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*