Өзгерістер күтіп тұр

260
0
Бөлісу:

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Ата заңға енгізілген өзгерістер «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалында талқыланды.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы төңірегінде пікір алмасуға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қа­тысты. Бұл туралы «Нұр Отан» пар­тиясы Сол­түстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ілияс Сабдинов хабарлады.
– Жолдау Мемлекет басшысының ұзақмерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруға негізделген. Осы бағытта мақсатымызға жету үшін жаһандық бәсекенің қиын да күрделі жолынан өтуге тура келеді. Мұны елі­міздің әрбір азаматы дұрыс түсінуі керек. Биыл қажырлы да қайратты еңбегіміз Елбасының алға қойған бағыттарын айқындап қана қоймай, оны еңсеруге жұмсалуы тиіс. Өз деге­німізге жету үшін тек қана дұрыс бағыт ұстанып, беталы­сымыздың дұрыс­тығына көз жеткізуіміз керек, – деп атап көрсетті Тарих, эко­номика және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кан­дидаты Зәуре Қартова.
Пікірталас алаңында сөз сөйле­гендер үшінші жаңғыруды сәтті іске асыру үшін білім саласына өзгерістер енгізу қажеттігін атап көрсетті. Білім жаңа экономикалық өсудің орталық тамыры болуы тиіс. Оқу бағдарламалары ақпаратты өзінше іздестіру дағдыларын қалыптастыруға, жаңаша ойлау әдісте­ріне бағытталуы тиіс.
Сондай-ақ Зәуре Қартова жастарды IT білімінің терең, қаржы төңірегінде сауаттылығының күшті және отаншыл болуға тәрбиелеудің қажеттілігін баса атап көрсетті.
– Қала мен ауыл мектептерінің ара­сындағы білім сапасының айырма­шылығын жою керек. Әсіресе, қазақ тілін оқытуға күш салған жөн. Ағылшын тілі бұрыннан жаңа технологияның тілі. Алайда оны оқу қажеттілік болып қала бермек. Дамыған елдердің қата­рына жету үшін біз кәсіби педагогтар мәсе­лесін шешіп алуымыз тиіс, – дейді Зәуре Қартова.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Ата заңға енгізілген өз­герістерді талқылауға «Нұр Отан» пар­тиясы «Болашақ» филиалы төрағасы­ның орынбасары Александр Зель, «Жас Отан» жастар қанатының бөлім мең­герушісі Олжас Төлеген қатысты.
Мінберден сөз алғандар Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жоғары білім сапасын арттыруға ерекше назар аударғанына тоқталды. Мұның өзі жо­ғары оқу орындарына, олардың мате­риалдық-техникалық жағынан жаб­дықталуына, білім бағдарламаларына аса тәуелді. Демек, алдымызда орасан зор жұмыстар күтіп тұр.

Әнел ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*