Кәсіп ашам дегендерге қолдау бар

307
1
Бөлісу:

 

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өз ісін жаңадан бастағысы келетін жастармен кездесу өтті.
Кәсіп ашқысы келетіндерге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы бизнес жоспар жасатып, тегін оқу курс­тарына қатысып, екінші деңгейлі банк­тер арқылы жеңілдетілген несие алуға болатындығы жайлы түсіндірілді. Ел­басы Жолдауында кәсіпкерлікке ке­дергі келтірмеуді, керісінше қолдауды ұсынған болатын. Осыны алдыға тарт­қан нұротандықтар екінші деңгейлі банктердің, дамулықтардың басын қосып, толыққанды мағлұмат берді. Жамбыл облыстық кәсіпкерлер пала­тасының да кәсіпкерлерге барынша көмектесіп отырғандығын тілге тиек етті. Жамбыл облыстық Даму Қоры­ның аймақтық филиалының кеңесшісі Жандос Сәтекбаев жас кәсіпкерлерге 6 пайызбен несие берілетіндігін жет­кізді. Жастарды кәсіп ашуға, бизнес тренингтерге тегін қатысуға шақырды. Ең алдымен, тың бизнес идея болуы шарт. Шағын және орта бизнеске үлес қосам дегендер болса сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорында 3 күндік оқуға шақырды. Арнайы оқыды деген сертификат алуға болады екен. Бұл үш күннің ішінде есепшілік, кедендік, заңдылық тұрғысынан са­бақ­тар өтіледі. Егер үш күнді азсынсаңыз бір ай бойы оқуыңызды «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында жалғас­ты­руыңызға болады. Жеке кәсіпкерлікті тіркеуді де өз мойындарына алатын­дықтарын айтты. Тек нақты мақсатыңыз бен кәсіпті игеріп әкетем деген талабыңыз болса болғаны. Мүмкіндік бар. Істі жасай білу керек. Жастардың кәсіп ашуға 18 млн 150 мың теңгедей несие алуға болатынын жеткізді. Биз­нес жоспарды қалай жасау керек, кә­сіп­ті ары қарай қалай дөңгелету ке­рек осының бәрі бүгінде тегін оқы­тылады. Былтыр Даму қоры арқылы 8 жоба өтіп, 23,9 млн ақша несиеге берілген. Сол жастардың ішінде Жам­был облыстық Даму Қорының ай­мақтық филиалының кеңесшісі Жандос Қамысбекұлының өзі де бар. Ол пластик бұйымдар жасау ісін қолға алған.

Ерман ӘБДИЕВ
Тараз қаласы

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*