«3.2.1. Старт!» жобасы басталды

811
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында нақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, республиканың түрлі өңірлеріндегі туризмді дамыту жолындағы жастардың бастамаларын анықтап, қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасын таныстыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.
«3.2.1. Старт!» жобасы шеңберінде 17-22 жас арасындағы жастар кәсіп­керлік қызмет арқылы маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда нақтылы көмек алады. Жобаға www.321.the-steppe.com сайтына өтінім жіберу арқылы қатыса алады. Өтінімдер үсті­міздегі жылдың 16 наурызынан 17 сәуіріне дейін қабылданады.
«Бұл жоба «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, CCI Kazakhstan компаниясы, «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Орталық Азияның Еуразия қоры» (ОАЕҚ) қоғамдық ұйымының ұйым­дастырылуымен қолға алынды. Жо­баның екінші кезеңінде Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму министр­лігінің, Ұлттық экономика министр­лігінің, «Атамекен» ҰКП-нің және CCI Kazakhstan компаниясы өкілдерінен тұратын комиссия конкурсты жалғас­тыратын 10 өтінімді іріктеп алады. Бұл кезең осы жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.
– Жобаның тақырыптары әлеумет­тік, экологиялық мәселелерге және балалар мен жастардың жағдайына байланысты болуы қажет. Ең алдымен, өңірлердегі жастардың жобаларына көңіл бөлінеді. Бір ай ішінде жиналған жобалардың ішінен үздік 10 жобаны анықтап, жазда авторларын Астанаға шақырамыз. Жобаны қалай жүзеге асыру керек, қалай таныстырған жөн, бюджетті қалай сақтауға болатыны ту­ралы арнайы вебинарларға қатыса­ды. Онан соң көтерген мәселесінің маңыз­дылығы мен оны шешудің қажеттілігі секілді критерийлерді алға тартып, 3 жеңімпазды анықтаймыз. Әр жеңім­пазға 1 млн теңге көлемінде грант бері­леді. Бірақ ақша түрінде емес. Қажетті инвентарь мен жаб­дықтар сатылып алынатын болады, – деді CCI Kazakhstan компаниясының кор­поративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры Алима Исембаева.
Оның айтуынша, жобаға қатысу үшін жоба сайтына қатысу туралы өтінім беру керек. Онан соң қатысушы жобаға не үшін қатысқысы келетіні, өзінің жобасы туралы қысқа ақпарат беріп бейнеролик түсіреді. Келесі қадамда байланыс телефонын жазып, сайтқа өтініш жібереді. 2017 жылдың қараша айында қорытынды презен­тация өткізіліп, жобаның алғашқы нақты нәтижелері көпшілікке таныс­тырылатын болады.
«Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев Старт жобасының жастарға үлкен мүмкіндік беретінін айтып өтті.
– Бұл – Қазақстандағы ең үлкен жастардың ұйымы. Жобадағы басты міндетіміз – ақпараттандыру, жастарды жобаға қатысуға шақыру және жобаның ауқымдылығына үлес қосу. Егер қаты­сушыларға біздің ұйымнан қандай да бір көмек қажет болса, аймақтарда бол­сын, үлкен қалаларда болсын сол жақ­тағы жасотандықтардан кез келген уақытта көмек ала алады, – деді ол.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*