«Наурыз думанда» көже таратты

129
0
Бөлісу:

Оңтүстікте «Наурыз думан» апталығы басталды. Алғашқы шараны көпұлтты Оңтүстіктің этнос өкілдері наурызкөже таратумен бастады. 

Оңтүстік Қазақстан об­лысы Қазақстан халқы ас­самблея­сының ұйым­дас­тыруымен өткен «Наурыз пати» шарасы Шым­кент қала­сындағы Қош­қар ата өзені бойында тойлан­ды. Онда облыстағы түрлі ұлт өкілдері Наурыз мерекесінің символикалық дәмі – нау­рыз­көже таратып, қазақтың ұлттың тағамдарына толған дастарқан жайды. Түрлі этнос өкілдері елді бірлікке, татулыққа шақы­ратын, ха­лықтың ырыс-бере­кесін мо­лайтатын мерекеде жұрт­шылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын арнайы кон­церттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік шараға қатысқан облыстық ассамблея хатшы­лығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, Шым­кент қаласы әкімінің орын­басары Қайрат Нұртай мен облыстық мәдениет басқар­масы­ның басшысы Нұрболат Ах­метжанов мереке маңызын айтып, өңір тұрғындарын Ұлыс­­тың ұлы күнімен құттық­тады.
Жаңару символына ай­налған Наурыз мейрамы жыл санап облысымызда жаңаша леппен тойланып келеді. Биыл ұлысымыздың ұйытқысы бол­ған Оңтүстікте 21 наурызға дейін тойла­натын мереке ұлт­тық салт-дәстүр мен әдеп-ғұ­рыпты дә­ріптеу, насихаттау мақ­­сатында жергілікті қол­өнер­шілердің қолынан шыққан кәдесыйлардың жәрмең­кесі­мен жалғасады. Одан соң таза­лық, қайырым­дылық акциясы, ұлттық өнімдер жәр­меңкесі секілді тағы­лымды шараларға ұласады.

Е. МҰРАТБЕК,
Оңтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*