«Барыс» жарысты аяқтады

96
0
Бөлісу:

Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы жолындағы жарыс нағыз қызған шағына жетті. Алайда бұл турнирдің қазақстандық жанкүйерлері үшін еш қызығы қалмады. Себебі, қатарынан төрт ойында жеңіліс тапқан Астананың «Барысы» жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Тұрақты біріншілікті «Барыс» 13-орынмен қоры­тын­дылаған болатын. 60 кез­десуде олар 90 ұпай жиды. Гагарин кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңінде Челябінің «Тракторына» сан соқтырдық. Қорытынды есеп – 4:2. Ширек финалда «Метал­лургпен» жолы­мыз түйісті. Иә, астаналықтарға қарағанда қарсыластарымыз әлдеқайда азулы екені еш күмән туғыз­баса керек. Магнито­горс­кіде іргетасы қаланған айтулы команда бұған дейін Гагарин ку­богын екі мәрте олжалаған. Бұл атаққа олар 2014 және 2016 жылдары қол жеткізді. Биылғы маусымдағы тұрақты бірін­шілігінде 124 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Плей-офф додасының алғаш­қы айналы­мында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын 4:1 есебімен қапы қалдырды.
Міне, осындай азулы ко­ман­даға «Барыстың» әлі жет­педі. Қос команда ара­сында өткен төрт кездесудің барлығы да «Металлургтың» пайдасына шешілді. Бұл бәсекелерде мынадай есептер тіркелді: 4:0, 4:4 (овертаймда 1:0), 5:3 және 2:2 (овертаймда 1:0). Осы­лайша, биылғы маусым жер­лестеріміз үшін аяқталды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*