Тараздағы тартыс

255
0
Бөлісу:

Алдағы демалыс күндері Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) додасында бақ сынап жүрген командалар өздерінің кезекті жекпе-жектерін өткізеді.

Осы күнге дейін үш бәсеке өткізіп, барлығында жеңіске жеткен «Астана арландары» ертең Таразда Ресейдің Patriot Boxing Team клубымен шеберлік байқасады. Бұл кездесулер мына боксшылар арасында өтеді: 52 келі – Олжас Сәттібаев – Вячеслав Ташкараков. 60 келі – Зәкір Сафиуллин – Артур Сұбханқұлов. 69 келі – Асланбек Шымбергенов –Шахабас Махмудов. 81 келі – Арман Рысбек – Павел Силягин. +91 келі – Олжас Боқаев – Магомед Омаров.
Айтулы командалар арасында өткен алғашқы кездесу 4 ақпанда Мәскеуде өткені белгілі. Бұл бәсекеде 3:2 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.
Осы жолы «Астана арландарының» ірі есеппен ұтуына тамаша мүмкіндік туындап отыр. Себебі, қарсыластарына қарағанда біздің жігіттердің тәжірибелері әлдеқайда зор. Мәселен, ресейлік команда сапындағы ең азулы боксшы – Магомед Омаров. Аса ауыр салмақта айқасып жүрген 27 жастағы боксшының 2011 жылғы Еуропа чемпионы және 2013 жылғы Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы деген атақтары бар. Patriot Boxing Team клубының өзге өкілдерін қазақстандық былғары қолғап шеберлері еш қиналмай ұтатынына сеніміміз зор.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*