Конституциялық реформаны мәскеуліктер де қолдады

185
0
Бөлісу:

Сәрсенбі күні Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің резиденциясында Мәскеу ғылыми зиялы қауым өкілдері мен қазақстандық студенттер активі жиналып, Қазақстандағы конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өткізді. 
Кездесуді ашқан Ресей Федерациясын­дағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Дәурен Дияров бұл саяси реформаны билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу және Президент Н.Назарбаевтың ел экономикасына мен саяси өміріне ұзақ жылдар бойы ықпал ететін Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталуы жөніндегі Жолдауын тарихи ауқымдағы оқиғалар деп атады.
Оның айтуынша, конституциялық реформа қазіргі заманғы билік жүйесінің және мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімділігіне, тұрақтылығына бағытталған. Жолдауда тұрақты экономикалық өсу және Қазақстанның озық 30 елдің қатарына кіруге бастайтын негізгі бес басымдық айқындалды. О.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік Заң академиясының бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы Елена Грачева өз сөзінде, Конституцияға енгізілетін өзгертулерді бүкілхалықтық талқылау барысында 6 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.
– Бұл дегеніміз – қоғамның өзгерістер­дің түп-тамырын түсінетіндігінің, билік бастамаларын қолдай отырып, халықтың дауысы жоғарыға жететіндігін түсінгеннің дәлелі, – деді ол. Оның пікірінше, Конституцияға енгізілген түзетулер билік жүйесінің тиімділігін арттыру мүмкіндік береді.
РФ Үкіметі жанындағы заңнама және салыстырмалы құқықтану институты Бұқаралық-құқықтық зерттеулер орта­лығының меңгерушісі Юрий Тихомиров Қазақстандағы конституциялық рефор­маны өте сауатты саяси қадам деп атады және оңтүстіктегі көршілерінің заңнамалық жаңалығына назар аударуға шақырды.
М.Ломоносов атындағы ММУ Заң факуль­тетіндегі Конституциялық және муни­ци­пал­дық құқық кафедрасының меңгерушісі Сурен Авакьян әріптесімен толықтай келісетінін айтты.
– Қазақстандық жаңалықтардың ішін­дегі үкімет мүшелерінің есептерін тың­дай­тын парламенттік практиканы, депутаттық корпустың оларды қызметтен босатуға бастамашы болу құқығын, Қазақстан Конституциялық кеңесінің заң жобаларын алдын ала сараптамалық бағалауға ұсынуы – табысты бастамалар. Сондай-ақ тіл мәселесі ақылға қонымды, салмақты шешім. Қазақстанда көптеген жақсы ойлар жүзеге асырылды және бұл жүйе үнемі жетілдірілуде, – деп түйіндеді ғалым.
Экономика жоғарғы мектебінің Пә­нара­­лық зерттеулер орталығының дирек­торы Владимир Королев конс­титуциялық рефор­маны дұрыс қадам деп санайды. Атап айт­қанда, Үкіметке мем­лекеттік бағдар­ламалар мен қаржылан­дырудың бірыңғай жүйесін бекіту бойынша өкілеттіктер береді. – Енді Президент құжат­тарды бекіт­пейді, тек олармен келіседі. Бұл дегеніміз – Үкімет экономиканың дамуына толығы­мен жауапты болады. Қазақстанда Парламенттің рөлін күшейту саяси жүйені демо­кра­тияландырудың дәлелі, – деді сарапшы.
РФ СІМ Дипломатиялық академия­сындағы Бұқаралық құқық кафедрасының доценті Асхат Акчуриннің айтуынша, Қазақстан посткеңестік кеңістікте әртүрлі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды іске асырушы ретінде тың жол салушы, содан кейін оны басқа елдер алады. – Қазақстан Президентінің толерантты және сауатты саясат жүргізуі – күрделі саяси жағдайларды бейбіт шеше алатын нағыз көшбасшының үлгілі өнеге­сі, – деді ол. Оның ойынша, Қазақстан бас­шылығы тағы бір мәрте кезекті алға ұмтылысын жасады.
Кездесуге қатысқан қазақстандық аспи­ранттар, магистранттар және гу­манитарлық жоғары оқу орындарының студенттері, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитындар, Қазақстанның саяси және әлеуметтік тұрақты дамуына, жаһандық экономикалық және саяси тұрақсыздық сынақтар кезеңі­нен сенімді түрде өтуіне мүмкіндік беретін конституциялық рефор­маның маңыз­дылығын атап өтті. Студенттер шетелдерде, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында сапалы білім алуға мүмкіндік беріп отырған Президент Н.Назарбаевтың бастамалары үшін шын жүректен риша­шылығын білдірді және бағдарламалық құжаттарда көр­сетілген тапсырмаларды іске асыруға өз үлестер қосуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*