«Сириялықтар» Астанаға 3 мамырда тағы жиналады

316
0
Бөлісу:

Қазақстанныңелордасында Астана процессінің шеңберінде Сирия жөнінде үшінші Халықаралықкездесу өтті. Келіссөздерге соғыс амалдарын доғару режиміне кепілдік берушімемлекеттері – Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ, Иордания, АҚШ, Сирияүкіметінің делегациялары қатысты.
Кездесугеқатысушылар Сирияда соғыс амалдарын доғару режимі сақталуының қазіргі жағдайын,аталған режимнің бұзылуына бақылау жүргізетін үшжақты тетіктің тиімділігінарттыруды, уақытша бітімге қосылған аудандар туралы ережені, қарулыоппозициялық топтарды террористік топтардан ажыратуды қамтамасыз етудіқарастырды, сондай-ақ Сирияда ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мәдени мұра объектілерінминалардан тазартуда халықаралық қоғамдастық көмегінің қажеттілігін талқылады.
Екікүндік келіссөздер қорытындылары бойынша кепілдік беруші мемлекеттер бірлескенмәлімдеме қабылдады. Құжатта тараптар соғыс амалдарын доғару режимін нығайтуғадеген бейілділігін растады, Астана процессінің БҰҰ аясында Женевадағыкеліссөздерді толықтырудағы және нығайтудағы маңыздылығын атап өтті, олардың 2017жылғы 23 наурызда қайта жандануын құптады.
ТараптарАстанада жоғары деңгейдегі келесі кездесуді 2017 жылғы 3-4 мамырда өткізутуралы шешім қабылдады және 2017 жылғы 18-19 сәуірде Тегеранда сарапшылардеңгейінде алдын ала консультациялар өткізуге келісті. Бұл туралы Қазақсанның Сыртқыістер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздергеқатысушылар Астанадағы кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевқа және ел үкіметіне алғыстарын білдірді.
ҚазақстанАстанадағы Сирия бойынша үшінші Халықаралық кездесудің нәтижелерін сириялық дағдарыстысаяси реттеу процессіне қосқан іс жүзіндегі үлесі деп бағалайды.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*