Алматы мен Ташкент арасына жаңа пойыз қатынайды

502
0
Бөлісу:

Алматы мен Ташкент арасына жаңа кузовты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыз қатынайды.

Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының кездесуі аяқталды. Онда бұрын екі ел үкіметтері уағдаласқан  №1/2 «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызын шығару туралы келісімді жүзеге асырудың техникалық тұстары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша төмендегі мәселелер пысықталып, шешімін тапты: мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған орындарға 70% көлемінде өзара жеңілдік беру туралы, қол жүктері мен жүк багаждарын тасымалдау тәртібі туралы; №1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының қатынау кестесі туралы және т.б. Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа тұрпаттағы кең кузовты «Тұлпар-Тальго»  вагондарынан тұратын №1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының жолға шығады. Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндері қатынайтын болады. Жолда жүретін уақыты шамамен 16 сағ 30 минут. Аялдайтын бекеттері: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент қаласы.

inform.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*