Қысқаметражды фильмдер таныстырылды

412
0
Бөлісу:

Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген қысқаметражды фильмдердің арнайы көрсетілімі өтті.  Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл көрсетілімнің басты мақсаты жас режиссерлердің жұмыстарын қолдау әрі ынталандыру, өскелең кинематографистердің дебюттік фильмдеріне қызығушылық арттыру болып табылады. Көрсетілім аясында 2016 жылдың соңында өндіріске жіберілген фильмдер, олардың қатарында: «Пәтер» (режиссері Ербол Бораншы), «Жесткий тип» (режиссері Баймұрат Жұманов), «Миша» (режиссері Асқар Әуелбек), «Письмо» (режиссер Әділ Мұсатаев), «Таксист» (режиссер Дәулетжан Махмұт) картиналары көрсетілді.
Мәдени іс-шараға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаев және фильмдердің режиссерлері қатысты.
– Біздің басты мақсатымыз дебютант-режиссерлерге өзінің шығармашылық потенциалын ашып көрсетуіне мүмкіндік жасау. Бүгінгі дебютанттардың арасында кейбіреулері өз өмірін кинематограф өнерімен байланыстырып, режиссер атанса, бұл жақсы көрсеткіш, – деді Дәрежан Омірбаев.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі жыл сайын отандық кинематорграфты бірқатар жаңа есімдермен толықтырып отырады (жылына 6-7 қысқаметражды фильм). Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қысқаметражды фильмдері халықаралық кинофестивальдерде лайықты бағасын алып, марапаттарға қол жеткізеді.
Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*