Медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

446
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия басшылығы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесін талқылады. Басты тақырып МӘМС-ні жүзеге асыруда туындайтын қиындықтар жөнінде болды.
Партия жұмыстары аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіненгізу сипатына түсіндірме іс-шаралары көптеп өткізіліп келеді. Елбасы дәрі-дәрмек тарифтерін арнайы бақылауға алды. Жолдауда айтылғандай, «біз жалпы шығынды азайтуға негізделген экономиканың жаңа моделіне көшіп жатырмыз. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету ақысы жүйесін қайта қарау қажет, деді партия хатшысы Фархад Қуанғанов.
Оның айтуынша, МӘМС заңының күшіне енуіне өте аз уақыт қалды және барлық әлеуметтік топтар медициналық сақтандыру жұмысының қалай жүргізілетінін білуі керек.
Сөз ел азаматтары туралы болып жатқандықтан ешқандай қателік пен кемшіліктерге орын жоқ. Егер қазір мәселе туындайтын болса, оған дереу мән беріңіздер, ортақ талқылауға салыңыздар. Барлығымыз бірге шешетін боламыз, деді партия хатшысы.
Шара барысында облыстық филиалдардың дайындық жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды. Парламент Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының басшысы Зәуреш Жұманәлиқызы өңірлерде өзге мемлекет азаматтары, өзін жұмыспен қамтып отырған және жұмыссыз азаматтар туралы нақты ақпарат болуы керектігін атап өтті.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*