25 НАУРЫЗДА БІР САҒАТ ЖАРЫҚ ӨШІРІЛЕДІ

467
0
Бөлісу:

Әлемде оныншы рет өтіп жатқан көпшілік халықты қамтыған экологиялық акция биылғы жылы 25 наурызда сағат 20:30 өтеді. «Жер сағатының» басты тақырыбы «Адамның экологиялық жауапкершілігі» болып табылады.

Жер сағаты (ағыл. Earth Hour) –Дүниежүзілік тұмса  табиғат қорының  наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.

«Жер сағаты» – жарықсыз терезелер, сөндірілген теледидарлар, компьютерлер мен басқа да тұрмыстық электр құралдар акциясы. Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған аталмыш шараға әлемнің 1,5 миллиардтан астам адам, 128 елдің 4616-дан аса қаласы, бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген, ал олардың саны күн санап өсуде. Кеңселер мен тұрғын үйлерде жарықты сөндіру арқылы Жер тұрғындары ғаламшардың энергиясын сақтауға сөйтіп өз үлесін қоспақ.Акцияға Қазақстанның кез-келген тұрғыны қатыса алады.

 2017 жылдың 25 наурызынан бастап, Қазақстанда Дүниежүзілік тұмса  табиғат қорының (WWF), G-Global Халықаралық хатшылығының және «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясының қамқорлығымен, Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жер Сағаты» атты жыл сайынғы акциясы өтеді.Іс-шараның мақсаты – ғаламшардың болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде әлем халқын жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақыру.

«Жер Сағаты – 2017» ұраны – «Ғаламшарды емес, өзіңді өзгерт!». Акция шеңберінде  Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры адам табиғатқа қалай әсер ететіні және осы әсер етудің салдары қандай болатыны жайында айтып береді. ХХІ ғасырдың ортасына қарай орманымызда, суымызда, қоршаған ортамызда және жерімізде қандай өзгеріс болуы мүмкін? Ал бастысы – біздің әрқайсымыз осы өмірлік маңызы бар қорларымызды жоғалтып алмас үшін бүгінгі күннің өзінде не істей аламыз?

Біз ғаламшарға шамадан тыс жоғары жүктемені артамыз, – дейді Ресей WWF Орталық-Азия бағдарламасының директоры Екатерина Воробьева.Бүгінгі таңда адамзат ұдайы жаңғыруы үшін осындай Жер сияқты 1,6 ғаламшар қажет болатындай қорларды пайдаланады. Жер сағаты шеңберінде WWF әркімді өзінің әдеттеріне және тұтынушылық ізеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады».

Таяу күндері Қазақстанда «Жер сағатының» сайты іске қосылады, мұнда акцияға қалай қатысуға болатыны туралы толық ақпарат орналастырылады. Анықтамалық ақпаратты және ғаламшарға әсерді қалай төмендетуге болатыны жайында кеңестерді қазірдің өзінде «Жер сағатының» орыс тіліндегі сайтынан алуға болады: wwf.ru/60.

Экологияның мәселелері туралы бәрі біледі, бірақ бұл білім барынша тар ұғымда және адамдардың мінез-құлқы мен өмір сүру салтын өзгертпейді, – дейді Салтанат Рахимбекова, «Жасыл экономика» және G-Global дамыту Коалициясы басқармасының төрайымы. – Егер адамзат экономиканы экологиялық негізде қайта құрмаса, онда 2030 жылға қарай өнеркәсіп пен кенттенудің табиғатқа түсіретін үдемелі салмағын көтеру үшін біздікіндей тағы екі ғаламшар қажет болады».

««Жер Сағатындағы» бастысы – бұл символизм. Акция жоқ дегенде бір сағатқа болса да маңызды мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді және біртіндеп табиғатқа деген  қамқорлық әдетке айналады, – деп атап өтеді Алан Бесен, Қазақстандағы «Жер Сағаты» акциясына қатысушы еріктілердің бірі. – Электр қуатын сөндіруге фанатизммен қараудың қажеті жоқ. Бастысы – сен біздің ғаламшардың қорлары шексіз емес екендігі жайында ойлана бастағаның».

«АЙҚЫНННЫҢ ҚОСЫМША АҚПАРАТЫ:Дүниежүзілік тұмса табиғат қоры (WWF) — 5 миллионға жуық тұрақты жақтастарын біріктіріп отырған және 100-ден астам елде жұмыс істейтін аса ірі халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының бірі. WWF міндеті — ғаламшардың табиғи ортасының үдемелі тозуын болдырмау және адам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу. Басты мақсат — Жердің биологиялық әртүрлілігін сақтап қалу. WWFInternational-мен уағдаластық аясында Қордың Қазақстандағы өкілдігін Ресей WWF Орталық-Азия бағдарламасы жүзеге асырады.

G-Global халықаралық хатшылығы 2013 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» Қауымдастығы базасында тұрақты жұмыс істейтін G-Global  хатшылығын құру жөніндегі тапсырмасын (2012 жылғы 01 маусымдағы №61-13.150 қарар) орындау мақсатында құрылды.

Хатшылық экономика саласындағы ең өзекті тақырыптар бойынша бейресми сұхбат жүргізуге, жекелеген елдердегі де, бүкіл әлемдік кеңістік ауқымындағы да істердің ағымдағы және келешектегі жағдайын талдауға, осы негізде кешенді зерттеулерді, ұсыныстарды, Хатшылықтың жұмысына тәжірибелік сипат беретін басқа да құжаттарды жасап шығаруға мүмкіндік береді. Хатшылықтың жұмысы жобаларды іске асыру, сұхбат алаңдары мен озық білімдер, тәжірибелер мен технологиялар трансфертін құру жолымен G-Global қауымдастықтың сыртқы экономикалық және сыртқы саяси бастамаларын алға жылжытуға бағытталған.

Хатшылықтың негізгі жобалары мыналар: Астана экономикалық форумы, ЭКСПО-2017, Жаһандық энерго-экологиялық даму стратегиясы, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және тағы басқалар. Хатшылық оның мүшелерінің, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғамның арасындағы сұхбат алаңы ретінде жұмыс істейді; G-Global ақпараттық-коммуникативтік тұғырнаманың жұмысын жүргізеді.

«Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» (Коалиция) – «жасыл экономика» қағидаларын зерттеу мен таратуға маманданған үкіметтік емес ұйым, бүгінде Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы мен «Жасыл Көпір» Серіктестік Бағдарламасының қоғамдық провайдерінің рөлін атқаруда. Коалиция, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ЭКСПО-2017 көрмесін «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өткізу бастамасын қолдай отырып, СО2 шығарылуын азайту, энергиялық тиімділікті арттыру, ЖҚК үлесін ұлғайту және қуаттың барлығы үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету (www.greenkaz.org) тәрізді мамандандырылған көрменің негізгі тақырыбын алға жылжытуға арналған көптеген қоғамдық іс-шаралар мен жобалардың бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде қатысады.

Коалиция өзінің экологиялық қызметінің танылуы ретінде 2014 жылы Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) «Сенім белгісін» алды. БҰҰ АТМЭӘК-мен, ЭСКАТО ООН, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (Ресей WWF), Қазақстанның көптеген мемлекеттік органдарымен және даму институттарымен ынтамақтастық жөніндегі Меморандумдарға қол қойды.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*