Жолдаудың маңыздылығын атап өтті

146
0
Бөлісу:

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы міндеттердің өзектілігі мен маңыздылығынкурс тыңдаушыларына баяндап, пікір-тілек алмасу мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі хабарлады.

Іс-шараны кафедра меңгерушісі Алия Тохтамысқызы Арзиева ашып, Жолдаудың төртінші басымдығына ерекше тоқталып өтті. Жолдау аясында іске асырылатын «тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы үлкен жетістік. Бұл жоба ең алдымен жастарға арналған. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына еніп, халықтың жағдайын жақсарту, экономикасын көтеру – бүгіннің  басты бағыты. Ол білімді, техниканы жақсы меңгерген ұрпақ елдің болашағы, оның экономикалық даму күші екендігіне басты назар аударды.

Өз кезегінде институт кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Жақсылыққызы Арзымбетова Жолдауда нақты айтылған қоғам мен әр азаматтың алдында тұрған: 1) экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту мәселесі, 2) бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, 3) макроэкономикалық тұрақтылық, 4) адами капитал сапасын жақсарту, 5) институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бес басымдыққа тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан курс тыңдаушылары білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңа бастамалар Жолдаумен ұштасатынына және оның сәтті жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының  мұғалім біліктілігін арттыру барысындағы қызметін жоғары бағалады.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*