Жайық ән құшағында

492
0
Бөлісу:

Дәстүрлі ән мен күйдің аймағы – Атырауда ұлтымыздың хас өнері дәріптелуде. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған І республикалық «Ән дария дүлдүлдері» әншілер байқауына Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даламыздың арасында шалқыған сан ғасырлық тарихы бар ән мектептерінің өкілдері қатынасып отыр.

Ән байқаудың негізгі мақса­-ты – дәстүрлі ән мектептерінің ба­йырғы сарынын сақтап, зама­науи жаңғыртып ұрпаққа аманат­тау. Республикалық додаға елі­міз­дің барлық аймағынан 42 үміт­­кер қатысып отыр. Олардың барлығы да – қазақтың ұлттық ән өнерін келешекке жеткізудегі өз жауап­кершіліктерін сезінген, талғам мен талабына сай өңірлік мақам­дарды меңгерген әншілер.
І Республикалық «Ән дария дүлдүлдері» әншілер байқауында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев бақ сынай келген әншілерге облыс халқы мен аймақ басшысы атынан сәттілік тіледі.
Екі күн бойы Жайық бойын бұлбұл үндерімен тербейтін күміс көмей әншілердің дарынын қазылар алқасының төрағасы ҚР Мәдениет саласының үздігі, Д.Нұрпейісова атындағы акаде­мия­лық халық аспаптар оркес­трінің әншісі Қайрат Какимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, ҚР Білім беру ісінің үздігі Р.Латифуллина, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ноғайбай Әлмырза, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова мен Еркін Шүкіманов, Құрманғазы атын­дағы ұлттық консерваторияның ұстазы Тілеулес Құрманғалиев бағалайтын болады.

 

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*