НАУРЫЗ – ЕУРОПА ТӨРІНДЕ

539
0
Бөлісу:

Наурыз – ең қасиетті күндердің бірі. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік төлдейтін айт, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін мезгіл. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсым сыры мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп белгілеген.
Наурыз – бірлік пен татулықтың, еңбек пен ізгіліктің, бақыт пен шаттықтың мерекесі. Бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін қазақ жоқ. Бүкіл шығыс халықтары бұл күнді айрықша күтеді. Шығыс елдері ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қандастарымыз да бұл күнді ерекше атап өтіп, ақ дастарқанын жайып, аста-төк мереке өткізеді.
Шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қазақтар да бұл күнді асыға күтеді. Әлемнің әр қиырында жүрген бауырларымыздың Наурызды атап өту салты қандай? Олар бұл күнді қалай атап өтеді? Еуропалық қазақтардың Наурызды өткізудегі ерекшеліктері бар ма?

Әбдусәмет Алтай, Франция, Париж:
– Жыл сайын наурыз айы кел­ген­де, бәріміз бас қосып, Наурыз мей­рамын тойлаймыз. Биыл
25 наурыз күніне белгілеп отыр­мыз. Сол күні ақ дастарқан жайы­лып, түр­лі ұлттық тағамдар қойы­лып, ме­рекені атап өтеміз. Оған ұйым­дастырушылардан бөлек, жер­гілік­ті қала тұрғындары, қала әкім­­ші­лігі, қазақ диаспорасы қа­ты­­сады. Нау­рызды тойлауда ай­тар­лықтай ерек­шеліктер жоқ. Бауыр­сақ пісі­ріліп, наурызкөже әзір­ле­неді. Жеті дәм­нен дайындалатын кө­жеден тойға жиылған қауым ақ тілегін, ақ ниетін білдіріп, дәм та­та­ды. Би би­леп, домбыра тартады. Ән сала­ды. Наурыз тойына Қа­зақ­станның Фран­циядағы елшілігі де қаты­са­ды. Бұл күн – біз үшін ай­рықша мей­рам. Бәріміз бас қосып, арқа-жар­қа болып қаламыз.

Қайым Кесижи, Германия, Мюнхен:
– Еуропада бұрыннан тұратын қа­зақ диаспорасы өкілдері, негі­зі­нен, бұдан 65 жылдай бұрын Түр­кия­ға қоныс аударған қазақтардың ұрпағынан құралады. Олардың қа­тары кейін Ауғанстан және Иран­­нан Еуропаға келген біраз қа­зақтармен толыға түсті. Түркияға ал­­ғаш қоныстанған аға буын қа­зақ­тар, әсіресе, ақсақалдар жағы нау­рыз келгенде, оны қалт жібер­мей, шама-шарқынша атап өтіп отыратын. Бала кезімізде ақса­қал­дар­дың, аға буынның бұрынғы қа­зақ салты бойынша Наурызды қа­лай атап өткенінің азды-көпті куәсі де болғанбыз. Түркиядағы ал­ғашқы қазақ ауылдарында ақ са­майлы апалардың мұрындық болуымен дайындалған наурыз­кө­женің, арнайы пісірілген бауырсақ, шелпек және басқа да ұлттық та­ғам­дардың таратылғандығына; үл­кендер жағының үй аралап қы­дырып, Наурыз мерекесімен құт­тықтап, дәм татып, бұдан ары қай­тыс болған кісілердің бейітінің ба­сына барып, Құран оқып қайт­қа­нына да куә болғанбыз. Сол Нау­рыз кезінде Алла ризашылығы үшін мал сойылып, жұртшылыққа дәм татқызылғанын да көргенбіз. Наурыз ол кезде сондай рухани бай мұра, мейрам ретінде аталып өтіле­тін. Елден келген ақсақалдардың, аға буын өкілдерінің қатары си­реген сайын Наурыз сынды ұлттық мейрамымыз ұмытыла бастаған еді. Тіпті ол жоғалуға тақап та қал­ған. Міне, сондай кезеңде Қа­зақ­стан­ның тәуелсіздігін жа­рия­лауы­ның, атамекенде ұлттық құн­ды­лықтардың қайта қалпына келе бас­­тауының нәтижесінде, диас­по­рада ұмытыла бастаған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қайта жаңғы­рып, атап өтілетін мерекелік күнге ай­налды.
Еуропадағы қазақтар содан бе­рі Наурызды түрлі шаралармен атап өтетін болды. Мысалы, біздің білуі­мізше, Германияда биыл екі жер­де Наурыз мерекеленеді. Нау­рызды атап өту арқылы бір жа­ғы­нан ағайынның басын қосып, екін­ші жағынан осы ұлттық мере­кемізді ұмытпай, жастардың са­на­сына сіңіруімізді мақсат тұтқан бір топ белсенді азаматтар Герма­ния­ның Нумберг қаласында наурыз­дың 25-і күні өтетін бүкіл Еуро­па­дағы қазақтарға арналған үлкен бір мерекелік шара ұйымдастырып жат­қан болса, ал Германияның Мюн­хен қаласындағы Қазақ мәде­ниет қоғамы да өз тарапынан тағы сон­дай мақсаттармен наурыздың 26-ы күні аталған қаладағы ағайын­ның басын қосатын мере­ке­лік бір шара өткізгелі отыр. Бұ­дан тысқары, осындағы қазақтар түр­лі Еуропа елдеріндегі Қазақстан ел­шіліктері ұйымдастыратын ме­ре­келік шараларға да белсене қа­­ты­сады.
Ұлыс­тың ұлы күні – Наурыз құт­ты бол­сын, ағайын! Еліміз аман, тәуел­сіз­дігіміз баянды, аспан ашық бол­сын! Қазақ елінің барша аза­мат­тарына, қазақстандықтарға аман­дық, зор денсаулық, отбасына ба­қыт, істеріне сәттілік тілейміз.

Арман Өмір, Түркия, Ыстамбұл:
– Аталарымыз Түркияға 1952 жы­лы келіпті. 21 отбасыны, яғни, 106 адамды Түркияға алып келген Құ­сайын Тейжи деген ақсақал кө­рінеді. Ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жері – Семейдің Ма­қаншы, Аягөз аймағы, яғни, Тар­бағатай өңірі. Олар әу баста Алтай өңіріне келіп, 1936 – 1949 жылдары Қы­тайдың қатаң саясатынан Түр­кия­ға жол тартыпты. Өзім осы Ыстамбұлда дүниеге келдім. Алай­да ата-анам қазақ екендігімізді ту­ғаннан үнемі еске салып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты бойымызға сіңіре тәрбиеледі. Жырақта жүрсек те, жүрегіміз әрдайым еліміз деп соғады. Анам да, әкем де отбасында қазақша сөйлеуімізді талап етті. Ба­лаларыммен де қазақ тілінде әң­гімелесемін. Жыл сайын Нау­рыз­ды ата-анамыздың үйінде қар­сы аламыз. Міндетті түрде ақ дас­тар­қан жайылады. Бауырсақ пісірі­ліп, қазанда ет асылады. Ұлттық су­сын – қымызды да табуға тыры­са­мыз. Анамыз жеті түрлі дәмнен жасалған наурызкөжені алдымызға қояды. Одан бөлек, әкімшілік ұйым­дастырылған түрлі шараларға қа­тысамыз. Балалар да Наурыз мей­­­рамының қадір-қасиетін ұғы­нып қалды. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қазақ, түрік және басқа да түркітілдес ұлттардың өкілдері қа­тысып, бір-бірін құттықтап жа­тады. Әрине, Наурыз мерекесіне ресми демалыс жариялан­баға­ны­мен, бір-бірімізбен қауышқаны­мыз­ға, кездескенімізге қуанып қа­­­ламыз. Наурызды айрықша кү­те­­тініміз де сондықтан.

Бесир Косе, Түркия, Ыстамбұл:
– Бұл күні жақсы тілек тілеу, құт­тықтау, кешірім жасау, табысу сияқ­ты адамгершілік қасиеттер кө­рініс тауып, кейінгі ұрпақтар сон­дай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәр­биелік, үлгі-өнегелік, сән-салта­нат­тық, мәрт-жомарттық, қадір-қа­сиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көр­ген­ділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурызды асыға күтеті­ні­міздің, ерекше даярланатыны­мыз­дың да себебі осында болса ке­рек.
Біздің отбасы да Наурызды ай­рықша атап өтеді. Әкелеріміз Ал­тайдан Түркияға 1952 жылы қоныс аударған екен. Оған дейін Пә­кі­стан­да он екі жыл тұрыпты. Түр­кия­дан келген жылдары ата-баба­ла­рымыз, ауыл ақсақалдары Нау­рызды айрықша атап өтіп, сол күні дастарқан жаятын болған. Бір-бірімен қауышып, қауқылдасып, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақ­тай отырып, түрлі мерекелік ша­ра­лар өткізіпті. Оның бәрі ұрпағына, мы­на бізге аманат болып қалды. Ба­баларымыздан көргенді бала­лары жалғап келеді. Әлі күнге біз үшін Наурыз тойының қасиеті бө­лек.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жа­рия­лап, ұлттық құндылықтар қай­та жаңғыра бастағанына біз де ай­рықша қуандық. Қазір екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, бе­реке-бірліктің арқасында атаме­кенімізге жиі қатынап, келіп-кетіп тұрамыз. Биылғы жылы Наурыз мерекесінде Қазақстанға келу ойым­да бар. Елдегі бауырлардың ме­ре­кені қалай атап өтетіндігін көз­бен көріп, көңілге түйгім кел­е­ді. Ортақ мерекені бірге тойлағым ке­леді.

Біздің байлам:
Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы Наурыз туралы былай ой түйеді: «Наурыз – жалғыз қазақ-қырғыздың ғана мейрамы емес, бүкіл түркі жұртының жаңа жылы, ұлт мейрамы. Бұрынғы ата-бабаларымыз Наурыз туғанда бас қосып, құшақтасып, көрісіп, қуанысып, бірін-бірі наурызкөжеге шақырып жүріседі екен. Жастар біркелкі ойын ойнап, ат шапты­рып, сауық-сайран қылады екен.
Наурыз мейрамы адам, хайуан, жанды-жансызға бірдей мереке десе болады. Қабағы қатыңқы, ызғарлы қыстың тоңы босап, жан-жануар жайланып, қара жер иіп, дүниенің тұсауы алынғандай болады. Қар еріп, жер жұмсап, егін-шөп, орман-тоғай қайта тү­леуге қамдана бастайды. «Нау­рыз­да Самарқанның көк тасына дейін елжірейді» деген сөз осыған мысал болса керек».
«Наурызда айтқан тілек орын­далады» деседі. Ендеше,
– Ай көрдім, амал көрдім,
Баяғыдай заман көрдім.
Ескі айда есіркедің,
Жаңа айда жарылқа! – деген тілегіміз бар.

Әнел ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*