ҚазҰУ – мүмкіндіктер әлемі

162
0
Бөлісу:

«Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын. Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек» деді Президентіміз Н.Назарбаев студенттерге арналған Үндеуінде. Елбасымыздың 2050 жылға арналған Жолдауынан-ақ жастардың біліміне басты назар қойғанын және оларға риясыз сенім артатынын байқаймыз.

Елбасының ұлттық университет­терге жүктеген басты міндеті – әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Болашағынан үлкен үміт күттіретін университеттердің
бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттерінің бірі де бірегейі. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі тех­нологияларды пайда­­ланатын, оны қоғамда және эко­но­микада ұтымды жүзеге асырушы сапалы маман даярлайтын, заманауи оқу орны.
Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов атап көрсеткендей, мемле­кеттік құрылымдар қатарында Қазақстан университеттері де елдің инновациялық жүйесінің үштік серпінін құруда өзінің зияткерлік орнын тауып, бәсекеге қабілетті ма­мандар ұстаханасын, жаңа білім­дер мен инновацияларды өндіру ор­та­лық­тарын күшейтуі қажет. ҚазҰУ –­ ал­ғаш мемлекеттік аттестациядан өткен, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы. Қазіргі таңда, әлемнiң ең iрi 400 университетімен сәтті ынтымақтастық келісімге келіп отыр. Жыл сайын 150-ден астам атақты шетел ғалымдары дәріс оқып, ғылыми тәжiрибелерімен алмасады. БҰҰ-ның әлемге танылған он қағидаттарын қолдауға арналған «United Nation Academic Impact» (академиялық ықпал) бағдарламасына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азияда бірінші болып қосылды. 2012 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен БҰҰ бірқалыпты даму «РИО+20» жаһандық саммитінде, ТМД жоғары оқу орындар арасында ҚазҰУ ғана секция аша алды. 2014 жылы UNAI бiрқалыпты даму сұрақтары бойынша БҰҰ жаhандық хабын басқарды. Сол жылдың наурыз айында бiрқалыпты даму ЮНЕСКО UNITWIN бағдарламасы бойынша университет Орталық-Азиялық хаб атанды. Сондай-ақ ҚазҰУ ТМД жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Энергоэкологиялық дамудың жаhандық стратегиясы» және «Жасыл көпiр» арнаулы ойларына негізделген жеке секция ашуға құқық алды. Белгілі бүкіләлемдік «UI Green Metric Ranking of World Universities-2016» рейтингісіне ҚазҰУ алғаш рет қатысып, беделді оқу орындары тобында әлемнің ең экологиялық таза 200-топ университеті қатарына енуі – ұлттық университеттің «жасыл дамудағы» жоғары жетістіктері мен үлкен мүмкіндіктерінің дәлелі. World University Rankings QS (Ұлыбритания)беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 236-орыннан көрініп, әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.
Болашақ үздік мамандарын даярлауда Экономика және Бизнес Жоғары Мектебіндегі «Қаржы» кафедрасының алатын орны ерекше екенін атап өткен жөн. Еліміздің жетекші университеті студенттерінің кәсіби қалыптасуына, рухани дамуы­на ғана емес, ғылыми-зерт­теу жұмыстарына өз қалауымен, ынта-жігерімен атсалысуы үшін факуль­тет басшылығы, кафедра ұжымы тарапынан барлық жағдай жасалған. Болашақ қаржыгерлердің бiрқалыпты даму жөнінде өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беретін G-Global тұғыры белсендi алаңға айналды. «Қаржы» кафедрасында «Қаржыгер» студенттер үйірмесі және қаржыгерлердің ғылыми студенттік ұйымы (ҚҒСҰ) жұмыс істейді. Аталған үйірме мен ұйым студенттерді республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарға, сондай-ақ ҚазҰУ жыл сайын өткізетін «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына даярлайды. «Фараби әлемі» конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін ашу, барынша дарынды студенттер мен жас ғалымдарды іріктеу мен қолдау, олардың интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, ғылыми мәселелерді шешуге қатыстыру.
«Қаржы» мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері негізінде білім берудің магистратура және бакалавриат бағыттары бойынша Республика деңгейінде жыл сайын алдыңғы орындарды иеленіп ке­ле­ді. Кафедраның оқытушы-про­фес­сорлар құрамы еліміздің білім са­ла­­сының үздік оқытушылары, өз ісінің майталмандары екені сөз­сіз. Жоғары рейтингті Thomson Reuters журналдарындағы қазақ­стан­дықтардың әрбір төртінші мақаласы – ҚазҰУ ғалымдарының еңбектері.
ҚазҰУ ғылым, білім беру мен инновацияның орталығы ретінде жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта да жоғары деңгейде енгізіп, еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қоса беретіні анық.

М.ДАРИБАЕВА,

Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебі, «Қаржы» кафедрасының PhD докторы,

А.ӨТЕГЕН, «Қаржы» мамандығының
4-курс студенті

Бөлісу:

Пікір жазу


*