Басшылар өз қызметіне лайық па?

128
0
Бөлісу:

Бұдан былай жаңа көзқарастағы басшылар жоғарылатылады. Себебі, мұндай басшылар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға барын салады және жетістікке қалай жету керектігін біледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау аясында айқындалған үрдістер туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова хабарлады.

Сонымен қатар спикер кейбір басшылардың мемлекеттің негізгі бағдарламалық құжаттарының маңызы мен мазмұнын толық білмейтіндігі белгілі болғанын айтты. Яғни, мемлекеттік орган­дар лауазымды тұлғалардың тап­сырмаларын орындаумен ғана шектеліп, өздері жүзеге асыратын жұмыстың жалпы стратегиялық мақсаттары мен арақатынасын түсінбейтін болып шықты. Мұндай жауапсыз басшыларды лауазымына сай емес деп танып төмендету ұсынылды.
Брифингте сондай-ақ кәсі­би мемлекеттік аппаратты қалып­тастыру туралы да айтылды.
– Кәсіби мемлекеттік ап­парат­ты құру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыруға жергілікті жерлердегі басшылар жауапты. Олар – реформаларды аумақтарға жеткізушілер. Сондықтан стра­тегиялық ойлау қабілеті мен көзқарас кеңдігіне ие болуы қажет. Бұдан тыс қол астындағы қызметкерлеріне дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеуі керек, – деді ол.
Брифингте Агенттік төра­ға­­сының орынбасары ҚР Прези­денті жанындағы Жоғары ат­тес­­тациялау комиссиясының (ЖАК) жұмысы қорытындыланып, мем­ле­­кеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудың 1-дең­гейі аяқталғанын мәлімдеді.ЖАК дегеніміз – ҚР Прези­денті жанында құрылған аттес­­­таттаудың 1-деңгейдегі комис­сия­сы. Құрамына Прези­дент Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр кеңсесінің басшысы, Пар­ламент пала­та­ла­рының депу­­таттары, сондай-ақ бас­қа да лауазымды тұлғалар кіре­ді.
А.Шайымованың ай­туын­­­ша, комиссияда «Б» кор­­пусының басқарушы деңге­йін­дегі 1139 мемлекеттік қыз­мет­ші әңгімелесуден өтті. Олар­дың ішінде Президент Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, Сенат және Мәжіліс аппараттары, Жоғарғы сот қызметкерлері, министрліктер комитеттерінің төраға орынба­сарлары мен департамент ди­рек­­торлары, облыстық бас­қар­­малар мен аумақтық депар­таменттер жетекшілері, облыс әкімдерінің аппарат жетекшілері орынбасарлары мен облыстық және Астана, Алматы қалаларының мәслихат аппараттары жетек­шілері бол­ды. Оларға кәсіби қыз­меті мен құзыреттеріне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ білімі мен іскерлігі де тексерілді. Нәти­­жесінде, олардың 973-інің (85 пайыз) атқарып жүр­ген лауазымына лайық екені анықталды.
Комиссия шешімі бойынша олардың 130-ы (11 пайыз) – жоғарылатуға, 36-сы (3 пайыз) төмендетуге ұсынылды.
Айгүл Шайымованың ай­туынша, бұл мәліметтер – аттестаттаудың басты нәтижесі емес. Аттестаттаудың басты мін­деті – «Б» корпусының мем­лекеттік қызметшілерінің кәсіби дайындылығының деңгейін және лауазымдарына сәйкестігін анықтау.
– Жергілікті мемлекеттік органдарының қызметкерлерінде сабырлық және қызмет тұты­ну­шыларды ақпараттандыру қабілеттері бар. Олар қиын жағдайда еңбекке қабілеттіліктерін сақтап, қызмет тұтынушыларымен жан-жақты тіл табыса алады, – деді А.Шайымова.
Биылғы аттестациялаудың тағы бір кезеңі – құзыреттік дең­­гейін анықтау бойынша тес­тілеу. Тестілеу барысында қызметкерлердің қызметті басқару, ынтымақтастық, шешімдерді қабылдау, жеделдік, өздігінен даму, тұтынушыға бейімделу, қызмет тұтынушыларды ақпараттандыру, жауапкершілік, ынталылық, сабырлық секілді қасиеттері сыналады. Тестілеу қорытындысы аттестациялау комиссиясына жолданады. Бұдан кейін ЖАК мүшелері оларға кәсіби қызметі, құзыреті бойынша сұрақтар қояды.
Айта кетейік, бүгінде «Б» корпусының әкімшілік мем­ле­кеттік қызметшілердің ат­тес­­тациялауы Мемлекет басшы­сы­ның Бұйрығына сәйкес жүр­гі-
з­і­луде.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*