Ақсақалдармен кездесті

335
0
Бөлісу:

Маңғыстау облысының жаңа әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласының ардақты ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы ардагерлер қауымын Амал мейрамымен құттықтап, қазыналы қарттардың қоғамда үлкен беделге ие екендігін атап өтті.

– Қасиетті де киелі өлкеге Елбасының шешімі­мен, депутаттардың қол­дауы­мен келіп жатырмын. Баршаңызды ұлық мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Тәуел­сіздіктен, бірліктен асқан ешқандай қасиетті дүние жоқ. Бірлігі бар елдің ғана іргесі мықты болады, туы әрдайым желбіреп тұрады, – деді Маңғыстау облы­сы­ның әкімі Ералы Тоғжанов.
Қай заманда болмасын елдің ағасы болған, елі құрмет тұтқан ақсақалда­ры­мыздың еңбегі кейінгі буын­ға үлгі, ақыл-кеңесі құн­ды. Сондықтан өңір басшысы береке мен бірлік­тің ырыс болатынын айтып, ақсақалдар мен басшылар арасындағы байланыс ба­йыпты түрде жалғаса бере­тініне сенім білдірді.
Кездесу соңында қала­мыз­дың құрметті ақса­қал­дары облыс әкімінің жаңа қызметіне табыс, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*