Тағылымы мол туынды

147
0
Бөлісу:

Қайта өркендеу дәуірі әдебиеті өкілдерінің бірі,өз заманындa классик, көне мәдениетті жаңғыртушы, сөз өнерін мадақтаушы ретінде танылған,италияндық ақын, ойшыл, ғалым, қоғам қайраткері Франческо Петрарканың «Жақсы кітаптарды жинай білген жақсы, ал оларды оқып отыру – одан да жақсы» деп айтқанындай, сыйласып жүрген жаны жайсаң азаматтардың маған сыйлаған кітаптарын міндетті түрде оқып, сыншы болмасам да, мүмкіндігінше өзімнің жеке пікірімді білдіріп отыру – мен үшін қалыптасқан дәстүрге айналды.

Міне, сондай кітаптың бірі жөнінде ой бөліссем бе деп отырмын. Әңгіме Азат Әкімнің «Кім екен сол кәрия?» деген кіта­бы төңірегінде болмақшы. Ең алдымен, кітап авторы туралы бі­рер сөз. Осыдан бес жылдай бұ­рын қызмет бабымен Арменияға жо­лым түсіп, осы елдегі Қазақ­стан­­ның сол кездегі елшісі Айым­дос Бозжігітовпен кездескен едім. Кездесу барысында біраз жігіттермен танысқанымда, олар­дың қатарында Азат Әкім де бар болатын. Кейін Астанада Азат­пен жиірек араласудың да сәті тү­сіп, өзара пікір алмасып жүрдік. Сонда ғой, сырт қарағанда сырлы сөзден, сөз өнерінен алыстау көрі­не­тін Азаттың маған осы кітабын арнайы тарту еткенінде таңырқап қалғаным. Бірақ кітапты оқи келе, Азекеңнің көрген – түйгені мол, әрбір сөйлемін мінсіз мүсіндейтін, мағыналы ойын дөп түсіретін, көркемсөз бен көсемсөзді жетік меңгерген, ойы тұнық жан екен­ді­гіне толық көзім жетті.
«Мазыбұзаубай» хикаяты мен көркем әңгімелерден түзілген кітаптың өн бойы адамдардың ішкі жан дүниесіндегі болатын құбы­лыстарды, көңілдегі сыр­­лар­ды, толғаныстарды терең зер­де­лей отыра, оқырманды адамгер­ші­­лікке, кішіпейілділікке, сезім­тал­дыққа, достыққа, үлкенді сый­­лауға, кішіге қамқор болуға тәр­бие­лейді. Сөздері жібектей жеңіл, ойы қорғасындай ауыр, сыны мен сырын, қуанышы мен мұңын қатар өргізіп отыратын Азаттың шығармаларын оқи отырып, өмір­дің өзіндей күрделі – кең дүниенің құша­ғына еніп кеткендей боласың. Сондай-ақ кітапта кейбір оқиға реинкарнацияның, яғни, өлген адам рухының басқа бір денемен жер бетіндегі өмірге қайта ке-
л­уі деген сенімнің негізінде өр­би­ді. Мәселен, автордың «Мазы­бұ­­зау­бай» хикаятында бұл тәсіл­дің­ сәтті қолданылғанын атап өткен жөн.
Хикаяттың кіріспесінде Мазы­бұзаубай (Мазы) өмірде болғансал-сері адам делінген. Он тоғызыншы ғасырда Мұғалжар тауымен ұш­та­сып жатқан Шалқар өңірінде дүниеге келген. Көнекөз қариялар Ма­зының «Қыз» сөзімен тілі шық­қа­нын құпия шежіре сияқты айтады. Содан да болар, Мазы: «Жарық дүниенің қызығы әйелдің жалт етіп бір қарағаны, ықыласы» – деп ғұмыр кешіпті. Өз кезегінде, жас Мазының келе жатқан хабары тиісімен бетіне қан жүгіретін, ақ­жолтай тілегін қосатын қыз-ке­лін­шектер жолын тосып оты­ру­ғ­а қайлы болған. Мазының атақ-даңқы қыз-келіншектердің мейірім – шапағатына бөленген­ді­гімен ғана емес, бойына қонған ерекше емшілік қасиетімен де елге жайылған әрі бақ-дәулетке кенелген. Жасы сексеннің үстіне шыққан сәтінде Мазы жарық дү­ниені тастап кете барғанда, көп­тің бірі сияқты көз жұмбаған көрі­неді. Бұл жайт кітапта былай­ша баяндалады: Мені шақырып жатыр, – деді Айтолқын бәйбі­ше­сіне оңаша әңгіме үстінде. Кім шақырып жатыр? Қайда шақырып жатыр? Бір ауыз артық сөз айтқан жоқ. Ертеңіне ауыл – елмен тағы қоштасқан Мазы сәске түсте тау-тас пен тоғайды бетке алған сапарынан қайтып оралмады, жақын-жұрағат табанынан тау­сы­лып екі апта – он төрт күн ізде­генімен бір белгісі табылмады жарықтықтың.
Мазы соңғы сапарында із-­түзсіз кеткен уақыт жарық дү­ние жасарып жайнаған көктем болатын, арада жүз жыл өткеннен кейін Сыр бойының Қазалы қалашығында Мазыбұзаубай есімді жас нәресте жарық дүние­ге келді, дәулеті асып-тасқан отба­сында емес, біреуден ілгері, бі­реуден кейін күнін кешкен ша­ңырақта шаранасы кеппестен жылап жатты…». Бір ғажабы, сәбидің өмір жолы айна-қате­сіз алдыңғы бабасының басы­нан өткергендерімен дәлме-дәл қайталанады. Ара-тұра бала Мазының түсіне кіретін ажар­лы, сөзі ілтипатты қарияның мойнын­дағы қара меңінің, мойылдай қара көздерінің ұқсастығымен ғана емес, ер жетіп, ес білген сәт­тен­ қыз-келіншектермен ара­лас-құраластығы, емшілікпен ай­на­лысуы, шау тартқан, жасы ұлғайған шағында бала-шаға­сымен қоштасып, сәске түсте Ізгілік еліне жолы түскендей із-түзсіз кетуіне дейін бізді өмірден баз кешіп кеткен Мазымен қай­­та қауыштырғандай күйге ұшыратады және мұның мәнісін тануға ұмтылдырады,сөйтіп сыры тереңдей беретін шегі жоқ дүние екендігін сезіндіреді. Расын­да, кей кездері кей сәттерді мен бұрын ба­сым­нан кешкендей сезініп, жан-дүнием­нің толқып сала беретіні бар…
Кітаптағы әрбір әңгіме өзінше бір әлем, бірақ бір-бірінен бөліп ажырата алмайсың, тұтасымен тұнып тұрған тұшымды дүние. Талғамы жоғары, өресі биік автор оқырманды өзімен бірге жетелей отырып, түрлі тақырыпты қозғап, парасат-пайымға бастайды.Осы ретте Азатеңбек адамына көңіл бөледі және бұл бекер емес. Өйт­кені бар бақыттың бастауы – ең­бек екені айқын. Иә, егер әрбір адам игі іске ұмтылса, шапағатқа бөленетіні даусыз. Ал байлыққа кенелу және сол арқылы еліміздің болашағын баянды ету еңбекпен келетінін адал бейнетпен тапқан нанның құны мен дәмін балалық шақтан өн бойына сіңіріп өскен, қызу еңбектің қайнаған қазанында құрыштай шыныққан Азатқа жақ­сы таныс. Сол себепті де оның кейіпкерлері біреудің шатырының астында «жел тимесін, күн өтпе­сін» деп мәпелеу күтпей, күш-қайра­тын жаңа күннің тың та­лап­­та­рына сәйкес еселі еңбек ету­ді, жаңаша жұмыс істеудің қыр-сырын меңгерген жандар.Өз кезегінде менің ойыма мына бір әпсана әңгіме оралып отыр.
Құмырсқа жылына бір ғана бүртік бидай жейді екен. Мұны естіген Сүлеймен пайғамбар бір жылға құмырсқаға бір бидай бе­ріп, кішкентай құтыға қамап қояды. Бір жылдан кейін қараса, құмырсқа жартысын ғана жеген екен. Құмырсқадан сұрайды:
– Қане жылына бір дән бидай жейтінің?
– Уа, Сүлеймен! Ол ырысты Құдайдың өзі беріп тұрған за­ман ғой. Ал енді маңдайыма жа­зыл­ған ырысым сен арқылы ке­ле­ді. Жара­тушым еш уақытта ұмыт­пай­ды, ал сенің ұмытып кетуің мүм­кін. Сақ болып отырған халім – осы, – деп жауап берген екен. Бұл енді: «Алла­ға сенген құстай ұшады, бі­­реу­ге сенген мұрттай ұшады. Аллаға сен. Адал еңбегіңе сен» де­ген қазақи тағылымды еске сала­ды. Иә, сонау тоқсаныншы жыл­­дар­дың басында өтпелі кезең өзіне тән қиындықпен қатар, «Өкімет өлтірмейді» деп жайбарақат жатқан талайды ұйқысынан оятып, ойда-жоқта келген нарық жолынан өз соқпағын табуына мүмкіндік ашты, сөйтіп көпшілікті құмырсқа тір­шілікке кірістіруге итермеледі десек, ешбір қателесе қоймаспыз. Азаттың әңгімелері де осыған сая­ды.
Бұл кітапта, сонымен бірге ата тәрбиесімен бойға сіңетін иман­ды­лықтың, адами ізгі қасиеттердің құнарлы қазынасы бар. Бүгінгідей саяси өлермендік, материалдық ашқарақтық пен пайдакүнемдік бел ала бастаған тұста адалдық, ізгілік, адамгершілік, имандылық тәрізді рухани құндылықтардың қажеттілігі айқындала түсері анық. Олай болса, Азат Әкімнің бұл кіта­б­ын рухани саланы бекемдей түсуге айтарлықтай үлесі бар еңбек деп бағаласақ артық болмас еді.

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ,
саясаттанушы

Бөлісу:

Пікір жазу


*