«Сәтті қадам» – сәтті сапар

200
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты «Сәтті қадам» партиялық жобасын төрт жылдан бері табысты жүзеге асырып келеді. Былтырдан бері еліміздің жастары үшін жобаның маңызы арта түсті. Жас мамандарға тағылымдама ұйым­дастыруға бағытталған жоба ЖОО мен ТжКБ түлектері – жетім балаларды жұмысқа орналастыруға және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне ары қарай оқуды жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жаңа бағыттармен толықтырылды.


«Сәтті қадам» жобасы – бұл жоғары оқу орындары мен кол­ледждердің түлектері үшін Қа­зақстанның ірі ұйымдары, ұлттық компаниялары, түрлі ми­нистрліктер мен мекемелерден тағылымдама өтуді бастауға бірегей мүмкіндік. Осы ретте, былтыр ұлт­тық компанияларға, түрлі министрліктер мен мемлекеттік ұйымдарға 172 адам тағылымдамаға жіберілді.
Көп жағдайда студенттердің жо­ғары оқу орындарында алған теория­­лық және тәжірибелік білімде­рі жұмыс берушінің талабына сай келмейді. Сол себепті, тағылымдама еңбек нарығында жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы түлектерге алдағы қызмет жолының бағытын таңдап, қай салада болмасын өзінің құзыреттілігін бағалауға ықпалдасады. Сондай-ақ егер тағылымдамадан өтуші өзін көрсете алса, жұмысқа кедергісіз орналаса алады. Биыл 12 жас маман кәсіби шеберліктерін көрсетіп, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрлігіне және «Еуразиялық банк» АҚ-на жұмысқа орналасты. Осындай көрсеткіштер жобаға қатысушылар үшін табысты болашақтың берік іргетасы екендігін дәлелдейді.
«Жас Отан» Жастар қанаты түлектер қатарындағы жетім бала­ларды еңбекке машықтандыруға белсенді ықпал етіп келеді. Осы бағытта жетім балаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілер, жергілікті уәкілетті органдар мен «Жас Отан» Жас­тар қанатының филиалдары ара­сындағы шарттарды жасасу арқы­лы мемлекеттік және бизнес құрылым­дарды жұмылдырып, көрсетілген мақсатты топтардың өкілдерін тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету бағытында жұмыс­тар жүргізілуде.
Білім және ғылым министр­лігінің мәліметі бойынша, 2015-2016 жылдары жетім балалар қатарындағы 3595 жас маманның 2454-і – тех­никалық және кәсіптік білім беру түлектері және 1141-і – жоғары оқу орындарының түлектері. Жастардың дені ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-ма­шинист, темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, электрмен дәнекерлеушілер, фермер шаруа­шылығы, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ғимараттар мен құрылыстарды құру және пайдалану сияқты техникалық мамандықтар иесі. Жалпы, медицина, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, радиотехника, электроника және телекоммуникация, биотехнология, мұнай-газ ісі, метеорология, геодезия және картография маман­дықтары бойынша да түлектер көп.
Қазіргі кезде республика бойынша 1640 адам жұмысқа ор­наласты. Барлық аймақтарда филиалдары бар ірі компаниялармен келісімшарттар жасасу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік бағдарламаларының құралдары арқылы «Нұр Отан» партиясы, ДСӘДМ және БжҒМ арасындағы үшжақты меморандум аясында
мектеп түлектері арасынан ҰБТ-да шекті деңгейге жетпеген мектеп түлек­теріне ары қарай оқуын жалғастыруға және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізу жоспарлануда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, білім, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кә­сіби және жеке бәсекеге қабі­лет­тілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың табысты болу мәселелері Елбасымыз Н.Назарбаевтың әр­дайым назарын­да болды және осы ұстаным қала береді. Қазақстанның болашағы – Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты. Болашақтың негізі бүгіннен қаланып жатыр.

Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*