Көмек көрсетіледі

180
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасында әлеуметтік-құқықтық жәрдем көрсету жөнінде тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.

Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Ораз Мұқашев, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»
АҚ облыстық филиалының директоры Владимир Питраков, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасының қызметкері Майгүл Рахымжанова және өзге де қонақтар қатысты.
Қабылдау кезінде азаматтар тарапынан сан түрлі жеке сауал келіп түсті. Айталық, аурухананың медбикесі Галина Пресель еңбек өтілін растау үшін қандай құжаттар керектігін сұрады. Бұл сауалға В.Питраков егжей-тегжейлі жауап берді.
Ауруханада емделіп жатқан науқас Светлана Казанцева 4-дәрежедегі онколо­гиялық аурумен ауыратындарды жөргектермен қамту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әрбір науқасқа айына 90 дана жөргек немесе 3 орамасы қажет. Біреуінің құны – 270 теңге.
– Ережеге сәйкес, паллиативтік көмек ауруханалары жөргектерді алушылар тізіміне енбейді. Сол себепті, аурухананы аталмыш тізімге қосуға көмек көрсетуіңізді сұрай­мын, – деді ол.
Қабылдау кезінде бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарына арнайы хат жол­данатын болып шешілді.
Тағы бір өтініш тұрғын үй ком­муналдық-шаруашылық саласына қатысты болды. Аурухананың бас дәрігері Әсем Қасенованың сөзіне қарағанда мекеменің ауласын жөндеуге көмек керек.
– Шуақты күндер жақындап келеді. Бізде емделіп жатқан азаматтардың далаға шығып, таза ауа жұтып, тынығуына қажетті аула абаттандырылмаған. Ауламыз үлкен емес. Сондықтан оны ретке келтіру қымбатқа түспейді, – деді А.Қасенова.
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты О.Мұқашев бұл мәселені шешуге қолқабыс жасайтынын айтты.
– Бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттама жасау қажет. Биыл бюджеттен қаланы абаттандыруға қосымша қаражат бөлінетінін ескерсек, бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар, – деді халық қалаулысы.
А.ЖҰМАТОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*