Президент қаулы қабылдады

429
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес төмендегідей Қаулы қабылдады.

1. Әскери қызметтің белгі­ленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қыз­метшілер 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – жел­тоқсанында Қазақстан Рес­публикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіп­сіздік комитеті, Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиыр­ма жеті жасқа дейінгі ер-азаматтар 2017 жылдың наурыз – мау­сымында және қыркүйек – жел­тоқсанында Қазақстан Рес­публикасының Қарулы Күш­теріне, Қазақстан Респуб­ли­касының Ішкі істер министр­лі­гіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мер­зімді әскери қызметке ша­қырылсын.
3. Жергілікті атқарушы орган­дар тиісті жергілікті әскери бас­қару органдары арқылы 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтама­сыз етсін.
4. Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі, Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік күзет қыз­меті мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Респуб­ликасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қа­зақстан Рес­публи­ка­сының Ұлт­тық қауіпсіздік ко­митетіне, Қазақстан Рес­публика­сының Мемлекеттік күзет қыз­метіне әс­керге ша­қырылған Қа­зақстан Респуб­ликасының аза­маттарын жө­нелтуді және мер­зімді әскери қызметтің бел­гіленген мерзім­дерін өткерген әскери қызмет­шілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
5. Осы Жарлық алғашқы рес­ми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*