Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Олимпиада жеңімпаздары миллиондаған балаға жігер берді

155
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мемлекет басшысы қатысу­шы­ларды мерейтоймен құттық­тап, олимпиадалық қозғалыстың қазіргі әлемдегі ерекше рөлін атап өтті.
– Біз халықаралық олимпиа­далық қозғалысқа қосылдық. Ол тәуелсіз жаңа Қазақстанды құру ісінің маңызды бір бөлігі болып саналады. Себебі, олимпиадалық қозғалыс дегеніміз спортпен ғана шектелмейді ғой. Бұл – ашықтық, бірлік, өзара құрмет құндылық­тарына, тән мен жанның жеті­луіне негізделген өмір филосо­фиясы. Олимпиада моделі бойын­ша универсиадалар, құр­лық ойындары мен басқа да жа­рыстар өткізіліп тұрады. Олим­пиада жеңімпаздарының үлгісі бүкіл әлемдегі миллиондаған баланы спортпен шұғылдануға жігерлендіреді, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Елбасы елі­мізде халықаралық спорт шара­ларын дайындау және өткізу тиісті деңгейде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.
– Қазақстан әлемдік олим­пиада қауымдастығының лайық­ты мүшесіне айналды. Біз спорт­­тың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Кейінгі 25 жылда туымыз барлық олим­пиа­дада желбіреп, спортшылары­мыздың жеңісінің құрметіне Әнұранымыз асқақтады. Таяуда ұлттық құрамамыз Алматыда өткен қысқы Универсиадада өз деңгейінің биік екенін даусыз дәлелдеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның әлемдік спорт арена­сында өз орнын бұдан әрі бе­кемдей түсетініне сенім білдіріп, спортшыларымызға жаңа жетіс­тіктер мен жеңістер тіледі.
Соңында Елбасы іс-шараның құрметті қонағы – Ұлттық олим­пиада комитеттері қауым­дас­тығының президенті Ахмад әл-Фахад ас-Сабахты спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен мара­паттады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*