Италиялықтарға қазақтың салт-дәстүрі таныстырылды

321
0
Бөлісу:

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017»  ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Венецияның Қазақстандағы  Құрметті Консулы және «Venicecom Group» бірлестігінің Президенті Пьерлуиджи Алуизио кездесті.

Кездесу барысында Құрметті Консул Венецияда ағымдағы жылдың 25-ақпанында Астанада өтетін  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған карнавалы ұйымдастырылды деп хабарлады. Шара барысында италиялықтар мен халықаралық делегаттар өкіліне қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды.

–Венеция қонақтары мен италиялықтар алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің материалдарын үлкен экраннан тамашалады. Венециялықтар қазақ халқының тұрмысына қызығушылық танытты. Шара соңында Венецияға Қазақстанның жалауы сыйға тартылды және барлық қатысушыларАстанада өтетін ірі халықаралық іс шараға шақырту алды, – деді П.Алуизио.

Ахметжан Есімов өз кезегінде, «бүгінгі күнге 115 ел мен 20 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысуға келісім бергенін атап өтті.Ал 41 ел өз павильондарын қабылдап, экспозицияларды тақырыптық жағынан рәсімдеуге кірісті» деп мәлімдеді. Басқарма басшысы Италияның экспозициясы жаңғыртылған  энергия көздері саласын ұйымдастыруда өзінің үздік жобалары мен жетістіктерін көрсететіне нық сенімін білдірді.

Еске сала кетелік, Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы маусымның 10-нан қыркүйектің 10-на дейін жалғасады, көрмеге келушілер саны 5 миллиондай болады деп күтілуде.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*