Елбасы Путинмен телефон арқылы сөйлесті

476
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі және оны бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Елдер көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы, сондай-ақ Астанада 14-15 наурызда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.
inform.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*