Елді «түркімендерше басқару»

402
0
Бөлісу:

2006 жылы Түркіменбасшы атанған  Сапармұрат Ниязов кенеттен  қайтыс  болған  соң,  оның орнына  таққа  отырған Гурбангулы Бердімұхаммедовты жұрт өзгеше көзқарастағы  президент  болады деп үміт еткен-ді. Тіпті  ол әу  баста  осы  жұрттың сенімін ақтағандай  да  болған. Ниязовтан   қалған  дүниелерді өзгертті. Сол алғашқы президенттің  туғандары атындағы   ай аттарын баяғы қалпына  келтірді. Ниязовтың  алтыннан құйылған ескерткішін алдырды. Бір сөзбен айтқанда, Түркіменстанға  жаңғыру  кезеңін  алып келгендей  болған. Бірақ мұның бәрі  алдамшы  дүние екенін   түркімендер кейіннен білді. Жүре  келе  ол да  алғашқы президенттің   салып  кеткен  даңғыл  жолына  түсті.  Бірнеше  мәрте конститутцияда  өзгертулер  болды. Ол  өзгертулер  Гурбангулы Бердімұхаммедовтың  мәңгі   ел  басқаруына жол ашты. «Арқадағ»  (жарылқаушы, қамқоршы)  деген  ат иеленді. Осылайша бұл елде  тағы да Ниязовтың  жеке  басына  табынғандай  Бердімұхаммедовтың жеке бюасына  табыну  басталды.

«Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов режимінде жеке басқа табыну асқына түсті. Жақында оның анасына арналған ән шықты. Ән авторлары президенттің шешесін «халқымызға ұлы көсем және қорғаушы сыйлағаныңызға рахмет» деп мадақтайды. Бердімұхаммедов билікке келген соң ел астанасында оның құрметіне алты метрлік ескерткіш соғылды. Онда президент сүйікті бәйге атына мініп тұр. Ескерткіш 20 метр биік алып ақ мәрмер тұғырға қойылған.Президент атында мешіт пен саябақ бар, оның портреті елдің барлық аймағындағы билбордтарға ілінген. Әкесі де сый-құрметке бөленіп үлгерді – Мәлікқұлы Бердімұхаммедов атында Ішкі істер министрлігінің әскери бөлімі бар, оның ғимаратының алдында Мәлікқұлы мырзаның ескерткіші тұр. Президенттің атасы – Бердімұхаммед Аннаевқа да ескерткіш орнатылған, ол өзі мұғалім болып істеген ауыл мектебінің алдында тұр»  деп жазады «Азаттық радиосы».  Демек

Гурбангулыда   елді  жекедара  билеуді  мансұқ  еткені белгілі  болып  қалды. Ал  өзіне  ескерткіш  тұрғызу, туған-туыстарын  дәріптеу  соның бір көрінісі  болса керек-ті. Кезінде  Кеңес заманында пролетариат көсемі  Ленин  жөнінде «Үйімізде, төрімізде  портретте  тұрған кім, Ол- Ленин данамыз,  Ол-Ленин бабамыз»  деп жырланып жатушы  еді. Ендігі   сондай ән айтып, жыр жырлау  кезегі Түркіменстан  халқына  да жеткендей.

Айнұр Қазыкенова

Бөлісу:

Пікір жазу


*