Мәскеуде ЭКСПО-2017-ге билет сатыла бастады

172
0
Бөлісу:

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі басталғанға дейін үш ай бұрын Ресей Федерациясында осы іс-шараға билеттерді сату басталды. Сатуды бастау салтанаты Көрменің ресми билет операторының  кассаларында – Мәскеуде және Санкт-Петерборда өтті.

Енді Ресей азаматтары билеттке Көрменің ресми сайты арқылы тапсырыс беріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өз елінің ірі қалаларындағы кассаларда тікелей сатып ала алады. Қазірдің өзінде билеттерді Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Қазанда, Нижний Новгородта, Екатеринборда, Новосибирскіде, Сочиде сатып алуға болады.

Ресей көрме бағдарламасының 100-ден астам іс-шарасының қоса ұйымдастырушысы болып, оған белсенді қатысатын болады. Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Ресейдің шекара маңындағы облыстарымен және Татарстан Республикасымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Ресейлік экспозиция ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең ірі экспозициялардың бірі болады. Іскерлік бағдарламаның басты тақырыбы «Жаһандық энергетикалық теңгерім» болады.

Қазіргі таңда 115 ел, 18 халықаралық ұйым және бірқатар трансұлттық компаниялар, оның ішінде ресейлік «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорация айтулы оқиғаға қатысуынрастаған. Қазірдің өзінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне алты жүз қырық мыңнан астам билет сатылды.

Көрме Астанада 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді. Тұтастай алғанда, 2 миллионнан астам келуші және 5 миллионға жуық келу күтіледі, оның ішінде 85 пайызы – бұл қазақстандықтар және 15 пайызы шетелдік меймандар. Туристер үшін 3000 іс-шарадан тұратын бірегей мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*