Елші Альфа университетінде дәріс оқыды

205
0
Бөлісу:

Белград қаласында Қазақстан Республикасының елшісі Нұрбах Рүстемов Сербиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Альфа БК Университетінде мемлекетіміздің қазіргі дамуына және Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың келешек бағыттарына арналған дәріс оқыды.

Аталған, іс-шараға Сербия Парламентінің депутаттары, министрліктер және мекемелер, іскер және қоғамдық – саяси топтар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, соңдай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Дәріс барысында елші Серб аудиториясын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Елбасының Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары мен елдегі конституциялық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі атқарып жатқан қызметі туралы және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың барысы туралы баяндап берді.

Екі жақты қатынастардың жалпы сипатына жоғары баға бере отырып, Нұрбах Рүстемов екі ел Президенттерінің өзара ресми сапарлары Қазақстан мен Сербия арасындағы қалыптасқан диалогты тереңдетудің айқын айғағы болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде университет ректоры Славка Вукша Қазақстанның бейбіт және ядролық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігеріне, сондай-ақ елдегі әртүрлі дін және ұлт өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруіне бағытталған мемлекет басшысының саясатына жоғары баға берді. Бұдан бұрын Альфа БК Университетінде 40 қазақ студенттері оқығанына орай, білім саласындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*