Головкин Джейкобсты нокаутсыз жеңді

567
0
Бөлісу:

Бүгін Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ боксшысы Дэниель Джейкобспен кездесті.

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен Геннадий Головкин жеңіске жетті.
Жекпе-жек алдында екі боксшы салмақ өлшеген болатын. Соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Генадийдің салмағы 159,6 (72,4 келі) болса, Дэниэлдің салмағы – 159,8 (72,5 келі) тартты.
Алғашқы раундтарда екі боксшы бір-бірінің осал тұсын іздеп, зерттеумен болды. Төртінші кезеңде Генаның бір жойқын соққысы қарсыласын есеңгіреткен еді. Дегенмен Джейкобс табандылық танытып, одан кейін қайта қалпына келе алды.
Соңғы раундтарда екі боксшы да шаршап қалды. Бірақ қарсыласына қарағанда Головкин көп соққы жұмсады. Нәтижесінде кезекті жеңісін тойлады. Бірақ ұзаққа созылған нокауттары сериясы осы жерде тоқтады.

Головкин осы жеңісі үшін 2,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Бұл оның АҚШ жеріндегі қомақты табысы. Жалпы, Геннадий карьерасындағы ең ірі табысына өткен жылы Ұлыбританияда Келл Брукті жеңгенде қол жеткізген болатын (4 миллион АҚШ доллары). Жерлесімізден жеңілген Дэниель Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы берілді. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсетті.

Baq.kz 

Бөлісу:

Пікір жазу


*