5 жасар америкалық бала Қазақстанның туын бірден таныды (видео)

388
0
Бөлісу:

Желіде ерекше талантымен көпшілікті таңғалдырған баланың видеосы пайда болды.

Америкалық 5 жасар Нейт есімді балақай мемлекеттің жер көлемі мен туын қарап, оның қай ел екенін сарт еткізіп айтып бере алады.

Талантты балақайды Эллен Деджеренес өзі жүргізетін шоуға шақырып, біраз тапсырмалар береді. Алайда бала оның ешбірінен мүдірмеген.

Сондай-ақ бес жасар бала Қазақстанды аумағы бойынша да жазбай таныды.  Тек әлеуметтік желілерде ғана бұл видеоны 14 миллионға жуық адам көрген. Эллен Дедженерес шоуы 2003 жылдан бері эфирге шығып келеді. Ол 11 рет “Эмми” премиясын иеленген.

stan.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*