Головкин: Маған бір ғана «лаки-панч» керек еді

614
0
Бөлісу:

WBA, WBC, ІBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобсты жеңгеннен кейін, жекпе-жек жайлы пікір білдірді. 

«Бұл таза әрі жақсы жекпе-жек болды. Дэниэлді құрметтеймін. Ол мықты боксшы. Мен оны төртінші раундта құлаттым. Бірақ ол есеңгіреп қалмады. Маған 12 раундтық кездесу керек еді. Бәрі жақсы өтті. Бұл мен үшін үлкен тәжірейбе. Нокдауннан кейін мен өте ұзақ күтіп қалдым. Маған бір ғана  «лаки-панч»  кере еді. Бірақ, кейде бұл қиынға соғады. Джейкобс – әлем чемпионы және тамаша боксшы. Бұл тамаша кездесу болды», – деді Головкин.

Естеріңізге сала кетейін, бүгін қазақстандық боксшы Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

prosports.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*