«Наурызды» мерекелеуге 700 -ден астам артист қатысады

219
0
Бөлісу:

Алматыда 22 наурызда «Ұлы даланың Наурызы» мерекеленеді. Алғаш рет салтанатты шаралар бірден екі алаңда: «Астана» алаңы мен Атлеттер ауылында өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараларға 700-ден астам артистер қатысады, олардың арасында шығармашылық ұжымдар, ходулистер, дәстүрлер театрлары,солистер, би топтары және басқалары бар. Бұлардан өзге бұқаралық «Көрісу» би флеш- мобы да өтеді.

Концерттерге “Ялла” тобы, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әли Оқапов, Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Индира Еділбаева, «МузАРТ», «Аюми», «Voice» топтары, Рамазан Стамғазиев, Жасұлан Сақаев, Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіманов, “Сазген Сазы” фольклорлық- этнографиялық ансамблі, Айгүл Қосанова,«Қоңыр» тобы,«БАХЫТ KIDS» балалар хоры, “Отырар Сазы” фольклорлық -этнографиялық ансамблі, “Алашұлы” тобы, “Жорға” би тобы, “Туған жер” би ұжымы, “Алан” тобы, Малика Есмұханбетова, “МузАРТ лайф» тобы және басқалары қатысады.

Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан « Самалық», «Түлік жыры» атты салт-дәстүрлі, ритуалды ән-жырлары орындалады.

Ал, Атлеттер ауылындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қоныстанған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.

«Номад» каскадерлар тобы «Жігіттер», «Қыз қуу», «Аударыспақ»,«семсерлесу» көріністері арқылы өз өнерлерін көрсетеді. Бағдарламаға «Қой көтеру», «Ләңгі тебу», «Арқан тарту» сияқты шеберлік пен ептілікті паш ететін қазақ ұлттық ойындары да енгізілген.

Екі мерекелік алаңда да музыка аспаптарының, бүркіт пен тазының көрмесін және арқанмен жүретіндер мен ходулистердің өнерін көрсету де жоспарланған.

«Наурыз» мерекесі барысында бауырсақ пен «Наурыз көже» тегін беріледі.

Мереке соңы кешкі бағдарлама мен отшашуға ұласады.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*