Бақыт — көктемгі бұлт сияқты…

362
0
Бөлісу:

Бүгін- Халықаралық бақыт күні.  БҰҰ Бас  ассамблеясы 2012 жылы 20 наурызды Халықаралық бақыт күні деп атау туралы қаулы қабылдаған болатын.

Шешім Бутан корольдігінің осы күнді Дүниежүзілік бақыт күні деп атау туралы ұсынысынан кейін қабылданды. Оны БҰҰ-ға мүше барлық 193 ел қолдады.

БҰҰ Бас ассамблеясы  барлық елдерге бұл мерекені «сәйкес деңгейде, оның ішінде білім беру мен ағарту бағдарламалары аясында» атап өтуді ұсынды. Бір қызығы, дүниежүзілік ұйым халықаралық бақытты күн ретінде неге дәл 20 наурыз таңдалып алынғанын түсіндіріп бере алмады.

Ал ойшылар, осы бақыт ұғымын қалай түсіндірген екен?! Ендеше, төмендегі ұлағатты сөздерден, бақыт түсінігін бір таразылап көріңіз.

 

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби

 

Бақыт әрдайым батыл адам жағында. П.Багратион

 

Бақыт — көктемгі бұлт сияқты. Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады. Ахмет Югнаки

 

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.

В.Г. Короленко

 

Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады.

Леонардо да Винчи

 

Адам бақытты болуға тиісті, ал бағы жанбаса, оған сол адамның өзі кінәлі.

Лев Толстой

 

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу…

Ілияс Есенберлин

 

Бақытты заманның бақытты ұрпақтары, еңбекпен есейе беріңдер.

Ыбырай Жақаев

 

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жүсіп Баласағұни

 

Бақытсызды көріп тұрып, бақытты болуға болмайды.

Мольер

 

Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз.

Платон

 

Әзірлеген Д.Балабекұлы

Фото: www.aikyn.kz. Суретті түсірген автор

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*