Алматы тауларында қар көшуі ықтимал

304
0
Бөлісу:

Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні болу қаупі бар екенін ескертті.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, қардың көп мөлшерде түсуінен (15 мм жоғары) және қар жабынының биік болуынан 20-21 наурыз күндері Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі сақталады. Қазіргі уақытта, халық демалыс күндері серуендейтін Үлкен Алматы көлі мен Медеу-Шымбұлақ жолдары қауіпсіздік мақсатында жабылды.

Халыққа көшкін болуы ықтимал қар басқан тау бөктерлеріне бармауға кеңес беріліп, ұялы телефондарға жедел хабарламалар жіберілуде.

 Досжан Балабекұлы

фото: автордікі

Бөлісу:

Пікір жазу


*