Қытай әскерін қысқартпақ

556
0
Бөлісу:

Қытай   армиясын  қысқартуды қолға  алды. Бұл  жөнінде South China Morning Post  басылымы  хабарлады.

Әрине   бұл  келісілген  реформа аясында  жүрмек. 18  армиялық корпустың 5 –і таратылмақ. Бұған  дейін  Қытай  мемлекет  басшысы  Си Цзиньпин   осы  жылдың аяғына  дейін  300 мың  адам армия  қатарынан  босайды  деп  мәлімдеме жасаған еді.  Енді соның орайы  келген  сияқты.  Бірақ  қалай  десек  те,  Қытай  армиясы    саны жағынан  әлемдегі  ең көп әскер болып (2 миллион  сарбаз)  қала бермек. Бұл  қысқартудың артында  не  жатыр? Онсыз да қазіргі халықаралық  саяси  жағдай  ушығып тұрғанда   бұл Қытайға  керек  пе еді? Иек астындағы Корей  түбегінде  болып  жатқан  текетірес, Солтүстік Кореяның   ядролық қаруды,  құрлықаралық баллистикалық зымырандарды  бірінен  кейін бірі  сынауы,  бұдан қалса, Оңтүстік  Қытай  теңізіндегі  кейбір өмірлік маңызы бар  нүктелерге  байланысты  көршілерімен  және  олардың жарылқаушысы  АҚШ -пен  арақатынас нашарлағанын  неге  таразыға  тарпады? Осындай жағдайда мұндай әскери  реформа Қытайға  қаншалықты  қажет?  Десек  те,   Қытай құрлықтағы  әскерді  кеміте  отырып, теңіз жаяу  әскерінің санын арттырмақ көрінеді.   Ондағы  мақсат – теңіздегі шекараны, судағы маңызды  кеме  жолдарын  қорғау,  күзету. Сонымен  қатар, Қытай  ядролық  зымырандарды кемелерге орната  отырып,  әскери  теңіз флотының   қуатын  күшейтпек.  Осылайша Қытай мұхиттағы  флотын  әлемдегі  ең мықты,  тегеурінді  күшке айналдырмақ  көрінеді. Осы  тұста ескерте кететін  бір  жайт, биылғы  Қытай армиясының  әскери  бюджеті 151,8 миллиард  долларды  құрап  отыр. Бұл АҚШ-тан (600 миллиард)  кейінгі  орында  деген  сөз.

Айнұр Қазыкенова

Бөлісу:

Пікір жазу


*