«Наурыз нақыштары» көрмесі өтті

476
0
Бөлісу:

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдігі бірлесіп Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өткізді.

Мерекелік шараны №12 балалар музы­ка­л­ық мектебінің «Ақ кербез» домбы­рашылар ансамблі ашып, әсем күйден шашу шашты. Музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаев жиыл­ған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, осындай шаралардың өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу маңызы зор екенін жеткізді. Ислам Рес­пуб­ликасының Алматы қаласындағы Бас кон­сулы Эрдеши мырза мен Ислам Рес­публикасының Алматы қаласындағы Бас кон­­сулдығы жанындағы Мәдени өкіл­ді­гінің директоры Сейд Джавад Джалали Кия­сари аталмыш шара қазақ және парсы халықтарының арасындағы терең тамыр­лы қарым-қатынастың жалғасы іспеттес еке­нін, көрмеден Иранның дәстүрлі мәде­ниеті, өнерімен толығырақ танысуға бола­тынын айтты.
Наурыз мейрамы – ежелден түркі ха­лық­тары үшін тіршіліктің бастауы, таби­ғат­тың жаңаруы. Бұл мейрамда әр ауыл-аймақтың жұрты жиналып, бір-бірімен көрісіп-жүздесіп, есен-саулық сұрасқан, «Қыз қуу», «Айқыш-ұйқыш», «Аударыс­пақ», «Тоғыз құмалақ» сынды түрлі ұлттық ойындар, «Бәйге», «Жорға жарыс», «Көк­пар» ұйымдастырылып, ән шырқалып, күй тартылып, мың бұрала би билеп, арқа-жарқа болысқан. Сондықтан бұл мерекелік шара Наурыз нақыштарын әр қырынан танытуды мақсат тұтып, ұлттық салт-дәс­түр­лер таныстырылымын, шеберлік сабақ­тарды да қамтыды. Музейдің әр экспо­зициялық залында балалар мен ере­сек­тер аудиториясы үшін әр бағыттағы бағдарламалар дайындалды. «Армы­сың, әз Наурыз», «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы», «Қазақ ертегілер әле­міне саяхат» интерактивті ойындары кішкентай көрермендер көңілінен шықты.
Қазақ шеберлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізген дәстүрлі қолөнерін ұлықтау мақ­сатында музейдің ғылыми қызмет­керлері қазақ кестесі, зергерлік өнер техникасы жайлы, ал шебер Мұса Әділ қазақ­тың музыкалық аспабы – домбыра жасау технологиясы жөнінде шеберлік сабағын өткізді.
Музейдің қор коллекциясынан алын­ған «Дәстүрдің жарқын жалғасы» тақыры­бын­дағы көрме Е.Даубаев, И.Жалмұ­қанова, И.Брякина, Е.Христова, А.Аб­дулдаева, А.Мұқажанова, М.Әлімбаева, В.Шершнева сынды зергер­лер­дің әшекей бұйымдары және Қазақ­көркемөнер кәсіпорны (Казхуд­пром) шығарған көркемдік өнімдер ұсы­ныл­ды.
Шараның бір ерекшелігі, Иранның дәстүрлі мәдениетін таныстыратын көне бұйымдар, бедерлі металл мен бояма қыштан жасалған құты, құмыра, табақ, қобдиша, тұғыр сынды қолөнер туынды­лары қойылды. Сонымен бірге, Н.Бубэ, Ф.Тарази, Ж.Тәкен, Т.Волкова, Б.Бал­та­шева, Д.Байдаралин, Д.Өтелбаев, Е.Шарапова, А.Маусариева, М.Қорқыт, Р.Өмірзақ, Ж.Керімбек А.Сәкежан, М.Алиев, М.Әбілжан, Н.Жеңісұлы, З.Ния­зова, А.Мұстафаев, М.Нарбаева, А.Тү­зел­баева сынды қазіргі қазақ сурет­ші­лерінің сан-қырлы жанрда ұлт тарихы, мә­дениеті, тұрмысы тақырыбындағы шығар­малары да таныстырылды.
Мемлекеттік қуыршақ театрының «Наурыз-Думан» және Мұзафар Әлім­баевтың шығармасы желісімен С.Бегалин атындағы Орталық мемлекеттік балалар кітап­ханасының қызметкерлері дайын­даған «Мен дала баласымен» атты театр­лан­дырылған қойылымы шараға ерекше нақыш қосты.
Фестиваль барысында «Тұсаукесер», «Бесікке салу» сынды ғұрыптық жорал­ғы­лар көрсетілді. «Тұсаукесер» жоралғысын ҚР Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов жасады.
Алматы сән және дизайн колледжі мен «Сымбат» сән Академиясының технология және дизайн колледжі студенттері да­йын­­даған ұлттық киімінің дефиле-көр­се­ті­­лімі көрме тақырыбын аша түсті. Фес­тиваль ҚР халық артистері, этно­гра­фия­лық ансамбль, музыкалық ұжымдар­дың қатысуымен ұйымдас­ты­рыл­ған кон­церт­ке ұласты.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*