Президент әз Наурызды елмен бірге атап өтті

290
0
Бөлісу:

Ай мен күндей, әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналған, ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күнін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әдеттегідей, жұртшылықпен бірге қарсы алды. 21 наурыз күні ел Президенті алдымен Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

Мемлекет басшысы барлық қазақ­стандықтарды Наурыз мейрамымен құт­тықтады. Қазақстан Президенті мың­жыл­дық тарихы бар Наурыз елдің ең жақсы көретін және асыға күтетін мей­рамы еке­нін айтты. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Наурыз сенім­нің, достық пен бауырластықтың, ел тұрақ­тылығының нышаны екеніне назар ау­дарды.
– Биыл біз Наурызды ерекше көңіл күймен қарсы алып отырмыз. Қа­зақстан елеулі жаңару бағытына бет бұрды. Үшін­ші жаңғыру бағдарлама­сын жа­рияладым. Оның аясында саяси және экономикалық жүйені рефор­малау көз­делген. Біз Конс­титуцияға мемлекеттік басқаруды жетілдіре түсетін маңызды түзетулер енгіздік. Тәуел­сіздігіміздің кепілдіктері ны­ғайтылып, бірлік пен татулық бекем бола түседі. Бұл бола­шаққа сеніммен қарауға, қазіргі әлем­нің дамуы жолын­дағы сын-қатерлерді еңсеруге мүм­кіндік береді. Қазақстан­дағы барлық өзгерістердің бір ғана мақсаты бар. Ол – әр үйде, әр отбасында, әр шаңырақта молшылық пен тұрақ­тылықтың болуы. Әр азамат өз елі үшін алаңсыз еңбек етіп, балаларын өсіріп, жаңа күнді қуанышпен қарсы алатындай болуға тиіс. Бұған еңбек ету арқылы қол жет­кізіледі, оған мемлекет мүмкіндік бе­ріп отыр, – деді Н.Назарбаев.
Қазақстан Президенті бүкіл әлем бойын­ша жаңару нышанына жол ашып, адамдардың өзара ынтымағын және та­биғатпен тұтастығын көрсе­тетін «көк­темгі күн мен түннің теңелер шағының» ай­рықша маңыздылығын атап өтті.
– Бұл күндер халықты қуанышқа бөлейді. Бұл ғажайып шақта аспаннан алтын күннен нұр төгіледі, жерге алтын дән себіледі. Ел-жұрттың көңі­лінде жаңа үміт пайда болып, ертеңгі күнге сенім нығаяды. Халқымыз Нау­рызды «Ұлыс­тың ұлы күні» деп атаған. Шынын айт­қанда, Наурыз – қазақтың «Жаңа жылы» болып есептелуі керек. Мыңжыл­дықтардан бері өзгермей келе жатқан заңдылық осы! Бұл мереке ұлт пен дін талғамайды. Барша қазақ­стандықтарға ортақ мейрам. Бұл біздің мызғымас бір­лігіміз бен ырысты ынты­мағымызды көрсетеді. Мереке күндері жұрт бір-біріне қонаққа барып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріседі, бір-біріне игілік пен бақ-береке тілейді. Нау­рыз мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгілік құн­дылықтарды еске салып тұ­рады. Осы керемет күнде жақсы тілекте болайық, ағайын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөзін түйіндей келе, Қазақстан Көш­басшысы халқымызды киелі тәуелсіз­ді­гімізден бастау алатын барша құнды­лықтарымызды бекіте түсуге шақырды.
Елдігіміз сынға түсіп, таразыға са­лын­ған қазіргі күрделі заманда со­ғыс­тан аулақ қылып, аман сақтаған бере­ке-бірлігімізді еш уақытта жо­ғалт­­пайық! Бірге болайық. Еліміз жаңа белеске көтерілуі үшін, үшінші жаңғы­руды орындау үшін барлығымыз бір адамдай жұмыс істейік. Бәріміз бірауыз­­­ды бо­лып, осының тілеуін тілейік, – деп қо­рытты сөзін Прези­дент.
Соңында Мемлекет басшысы жұртшы­лықты Наурыз мейрамымен тағы да құт­тықтап, бақыт пен жақсы­лық тілеп, елдің өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.
Мерекелік шара эстрада жұлдызда­рының көктем мейрамына арнаған гала-концертіне ұласты.
Осыдан кейін Елбасы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда қанат жайған этноауылға барып, елмен бірге «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік қойы­лымын та­машалады. Жиналған жұртшылықпен емен-жарқын әңгімелесті, ән тыңдады, мың бұралған бишілердің өнері мен балуандар күресін қызықтады, ұлттық қолөнер бұйымдары қойылған жәр­меңкені аралады.
Жалпы, Наурыз мейрамына орай Астананың әр жерінде үш күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына сан алуан мерекелік бағдарлама ұсынылды. Елор­даның үш ауданында қазақстан­дық таны­мал эстрада жұлдыздары және фоль­клорлық топтар өнер көр­сетті. Ірі сауда, ойын-сауық орта­лық­тарында шоу-бағ­дарламалар, кон­церттер өткізіліп, келу­шілерге бауыр­­сақ пен наурызкөже ұсы­нылды. Спорттық нысандарда ұлттық спорт­тың барлық түрінен жарыс ұйым­дас­тырылды. Оған акробаттар, артистер және көрермендер қатысты.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*