Қаржы орталығы тиімді басқарылады

965
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті,  премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед пен Рашид әл-Мактуммен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақ­тас­тықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту жайын талқылады. Атап айт­қан­да, сауда-экономика, қаржы және ин­ве­стиция салаларындағы өзара іс-қи­мыл мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы Дубай халық­ара­лық қаржы орталығы (DIFC) мен Дубай қаласының қарқынды дамып келе жат­қанын атап өтті. Қаржы орталығын тиімді басқару тұрғысынан Біріккен Араб Әмір­ліктерімен тәжірибе алмасудың маңызды­лығына, сондай-ақ DIFC пен Астана ха­лық­аралық қаржы орталығы арасында ты­ғыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне тоқ­талды. Дубай әмірлігінің билеушісі бұл ба­ғытта әріптестік орнатуға толық дайын еке­нін жеткізді.
Қазақстан Президенті исламдық қар­жыландыру ісін дамытып, оны енгізуге ай­рықша үлес қосқаны үшін шейхқа алғыс білдірді.
Бұдан бөлек, «ЭКСПО – 2017» ха­лық­­аралық мамандандырылған көр­ме­сіне дайындықтың аяқталғанын, кейін­нен көр­ме нысандары Астана ха­лықаралық қар­жы орталығының жұмысы үшін пай­даланылатынын тілге тиек етті.
Соңынан Біріккен Араб Әмірліктері-нің пре­мьер-министрін Астанадағы «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылуына шақырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*