Ұлттық технологиялық стратегия қаралды

1251
0
Бөлісу:

Кеше Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын» әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында еліміздің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықты бағыттары, күтілетін нәтижелері мен кезеңдік мақсатты бағдарлары талқыланды.
Экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру мен орташа мерзімді келешекте ел дамуының жүйелі әрі тұрақты саясатын жүргізу мақсатында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз Жолдауында Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін өсімнің жаңа үлгісі экономика өсімінің жылдық орташа қарқынын 5-6% деңгейіне жеткізуге бағытталатын болады.
Cондай-ақ кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «ЭКСПО – 2017»-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017»-ге дайындық жұмыстары қаралды. Көрме ісін алға жылжыту, еріктілер қызметі, қазақстандық компаниялардың қатысуы, сонымен қатар көрме аяқталғаннан кейін көрме павильондарының орындарын пайдалану мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі жауапты мемлекеттік органдарға «ЭКСПО – 2017» көрмесінің өткізілуіне даярлық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.

Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*