Күлегештерді көріңіздер!

478
1
Бөлісу:

1 сәуір күні Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында күлкінің қырық түрінен жарыс өтеді. Бір қызығы, жұп-жұп болып бәсекеге түсетін ерлер сынаққа міндетті түрде әйелін ертіп баруы керек. Олар ең алдымен таразыға тартылып, салмақ өлшетеді. Содан соң жақ сүйектерінің беріктігін, дауыстарының күштілігін арнайы құрал арқылы тексертеді. Дауысы тым жіңішке немесе өте жуан болса жарысқа қатыса алмайды. Әдемі күлгеннің барлығына демалыс орындарына сертификаттар беріледі. 

Ең бастысы – күлдіретін кісіні де өзіңіз табуыңыз керек. Ол қандай мамандық иесі болса да мейлі, тек анайы анекдот айтпауы тиіс. Ең басты сыйлық Алматыдағы қоғамдық ұйымдар тағайындаған сый-сияпат болмақ. Бас жүлде – 2030 жылы Байқоңырда өтетін айға сапар экспедициясына жолдама. Екінші жүлде – жылдық пайызы 2 пайызды құрайтын 2 миллион теңге несие. Үшінші жүлде – үш дөңгелекті велосипед, төртінші жүлде – бір дөңгелекті велосипед. Ынталандыруға доп, шар, ысқырық, батпырауық және басқа да сыйлықтар беріледі.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*