ҰҚК төрағасын қабылдады

1067
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Кездесуде К.Мәсімов Мемлекет бас­­шы­сына Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің өзге құқық қорғау орган­дарымен бірлесіп, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздікті қам­та­масыз етуге бағытталған тиісті шараларды атқарып жатқанын баяндады.
Қазақстан Президенті алдағы уа­қытта «ЭКСПО – 2017» көрме­сі­мен қатар әлем­дік деңгейдегі басқа да ауқымды шаралар өте­тінін еске сал­ды.
– Биыл бірқатар халықаралық іс-ша­ра­лар болады. Мемлекеттер мен үкі­мет­тер басшылары, Пар­ла­мент мүшелері, сон­дай-ақ шет ел­дерден және өз елімізден турис­тер көп­теп келеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай, сол іс-ша­ра­лар­дың тиіс­ті деңгейде ұйымдас­ты­рылуын қамта­ма­сыз ету мәселе­лерін пысықтау қажет. Ең ал­ды­мен қауіп­сіздік мәселесіне назар ау­дару керек, – деді Нұрсұлтан Назар­баев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бас­­қа ел­дерде болып жатқан тер­рор­лық акті­лер­ге тоқталып, ондай жайт­тар­ға жол бер­меу үшін тиісті жұ­мыстар жүргізу, со­ның ішінде шет ел­дердегі әріптестермен өзара іс-қи­мыл орнату қажеттігін айтты.
К.Мәсімов Елбасыға мұндай ау­қым­­­дағы іс-шараның қауіпсіз өтуі, сон­­дай-ақ тер­роризммен және діни экстремизммен кү­рес Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің, бас­қа да құқық қорғау органдарының ұдайы бақы­лауын­да болатыны жөнінде мә­лімдеді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*