Мемлекет басшысы – Маңғыстау облысында

554
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласына келді.

Іс-шара барысында Елбасы спорт нысанының жұмысымен танысып, кү­рес залын және көпфункционалды залды аралап көрді. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт са­ласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашық­тық­қа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүр­­кін жеңімпазы, рекордшы Ә.Тұяқов, бокстан әлем чемпио­нат­та­рының және Олимпиада ойын­да­рының күміс жүлдегері Ә.Ниязым­бе­тов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт арда­гер­лері бар. Спортшылар жан-жақты қол­дауы мен қамқорлығы үшін Ме­м­лекет басшысына алғыс білдірді.
Айта кетейік, кешен демеушілер-дің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.
Сондай-ақ сапар барысында Ел­басы «Спортклуб Маңғыстау-Арена» көпфункционалды спорт кешеніне, Ақтау теңізінің солтүстік терми­на­лына, «Азерсун» өндіріс және логис­ти­ка орталығы» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне барады деп көз­­делуде. Одан бөлек сапар аясында Мем­лекет басшысының облыс жұрт­шылығымен кездесу өткізуі жос­пар­ланған.

Бөлісу:

Пікір жазу


*